Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек.

 

    Қазақстан аумағында Әбілқайыр хан өлгеннен кейін етек алған, деректемелерде егжей-тегжейлі сипатталған ішкі саяси күрес Қазақ мемлекеттігінің құрылуы тарихында қорытындылаушы кезең болды.

    Қазақтардың тарихы Керей мен Жәнібектің ауа көшуінен емес, одан анағұрлым ерте уақыттан бастала- ды. Осыған байланысты Өтеміс қажының \”Шыңғыс-намесінің\” Алтын Орданың сол қанаты тайпаларының қыйат тайпасының бектері Жыр-Құтлы мен Теңіз-Бұғаның бастауымен Сырдарияға көшуі, Шығыс Дешті Қыпшақта бұл бектердің билікті \”басып алуы\”, Сырдарияда Тоқа-Темірдің ұрпағы Қара-Ноғайдың және одан соң оның інісі Тұғлы-Темірдің билікке келуі және биліктің осының бәрінен кейін ғана қазақ хандары әулетінің негізін салушы Орыс ханға тию туралы хабары өте маңызды болып көрінеді. \”Шыңғыс-наменің\” бұл хабары Қазақ- стан тұрғындарының тілін бейнелейтін түркі тілінде жазылған, яғни бұл деректемеде болған оқиғалар \”Тауарих-и гузида-йи нусрат наме\”  Қадырғали Жалайырдың \” Жамиғ ат- тауарихы\” және басқаларындағы мағлұматтармен қуатталатыны се- кілді Қазақстан тұрғындары қалай деп атаса солай деп аталған. Мұның бәрі Шығыс Дешті Қыпшақтың тарихында қазақ мемлекеттігінің алғы тарихының жаңа беті ашылғанын баяндайды. Деректеме- лер Барақ, Керей мен Жәнібек, Бұ- рындық ұрпақтары мен Шайбан ұрпақтары өкілдерінің  әулеттік күре- сі туралы хабарлайды. Бұл деректердің бағалы болатын себебі – нақ сол ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда оның бұдан арғы тарихында маңызды рөл атқарған оқиғалар болды. Қазақ халқының одан арғы этностық атауы осы оқиғалардың  қалай өрбігеніне тәуелді болған еді.

    Қазақ хандары әулетінің  шығу тегі, олардың арасындағы  туыстық қатынастар туралы мәселені Алтын Орданың және оның қирандыларын- да пайда болған мемлекеттік құрыл- ымдардың тарихын зерттемейінше шешу мүмкін емес. Оның тарихы жөнінде орасан зор деректемелер бар, оларда қазақ хандарының арғы аталары Жошы ұрпақтарының генеалогиясы келтіріледі.

    Қазақ хандығының құрылуы Алтын Орданың ыдырауы дәуіріндегі Жошы ұрпақтары арасындағы күрес- пен байланысты болды. Жоғарғы билік үшін Шайбани мен Тоқа-Темірдің ұрпақтары ғана өзара күрескенін атап айту керек, ал Орда-Еженнің ұрпақтары бұл уақыт- та тарих сахнасына кеткен болатын.

    Қазақ  хандары Жошының 13-ші ұлы Тоқа-Темірдің ұрпақтары болып табылады, мұны деректемелердің мәліметтері қуаттайды. Мысалы, Әбілғазы өзінің \”Шежіре-и түркуа моғұл\” атты шежіресінде былай дейді \”Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан, оның ұлы Тоқай-Темір, оның ұлы Өз-темір, оның ұлы Қожа, оның ұлы Бадақұл-оғлан, оның ұлы Орыс хан, оның ұлы Қойыршақ хан, оның ұлы Барақ хан, оның ұлы Жәнібек хан атанған Әбу-Саид. Мұның 9 ұлы болды, мынадай ретте: Еренжі, Махмуд, Қасым, одан кейін Итек, Жаныш, Қанабар, Теніш, Үсек, Жуақ\”. Әбілғазы \”Шыңғыс ханның ұр- арғы, Араб-Мұхаммед ханның ұрпа- ғы болғандықтан, өзбектердің ұрпағы, Шибан руынан тара- ғандықтан\” ол өз шежіресін нақты білген анық, сондықтан оның деректері барша мәліметтердің ішіндегі неғұрлым анығы болса керек.

    \”Бахр  ал- асрарда\” Махмұд ибн Уәли де қазақ хандары Керей мен Жәнібекті  Тоқа-Темір ұрпақтары деп атайды. \”Тоқай-Темір ұрпақтарынан, мәселен, Керей хан мен Жәнібек хан ұрпақтарынан әкелерінің есімдері хақандардың есімдерінің тізбесінде егжей-тегжейлі келтірілетін кейбіреу- лері бағыну және көну шеңберінен шығып, отандарынан кетудің артық санады\”.

    Хантау тауларының баурайында  осы уақытқа дейін Жәнібек-сарай деген атпен мәлім, мұнаралары бар орасан зор қамалдың қалдықтары, сондай-ақ ХV ғасырдағы басқа тас ғимараттардың қалдықтары сақтал- ған. Күйген кірпіштен салынған ірі ғимараттардың неғұрлым назар аударатын қалдықтары Хантау тауларының шығыс өңірінде сақтал- ған, бұлар \”Хан сарайы\”,\”Хан қорасы\”, немесе \”Ақсүйектер ордасы\” деп аталады.

    Қазақ хандығының шоғырлануы мен құрылуында философ, ойшыл және ақын Асан Қайғы орасан зор рөл атқарады, ол Жәнібектің уәзірі болған еді. Ол Қазақстанның көптеген жерлерін аралап , Каспий теңізінің жағасында және Жетісуда болды, ежелгі ата-бабалардың пантеондары сақталған тынышта қолайлы орын (Жерұйық) іздеді. Қазақ тарихи хикаяттарында Асан Қайғы Жәнібек пен Керейді және басқаларын қаңлылар, қыпшақтар, жалайырлар, үйсіндер  мекендеген Шу өзенінің аңғарына және наймандар, арғындар, керейлер, уақтар мекендеген Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай тауларына қоныстануға ойыстырды. Мұның өзі Әбілқайыр ханның ықпалынан шалғай жерде хандықтың күшін нығайту үшін неғұрлым қолайлы шешім болған еді.

    50-ші жылдардың екінші жарты- сында Керей мен Жәнібек өздеріне тәуелді ру-тайпалық топтардан Жошы ұрпақтарының көбін өз төңіректеріне біріктіріп Моғолстанға ауа көшті. Керей мен Жәнібектің ауа көшуі Қазақ хандығының құрылуына себепші болған саяси оқиғалар тізбегінде маңызды буын болды. Мұ- хаммер Хандар \”Тарих-и Рашидиде\” былай деп хабарлайды: \”Ол уақытта Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік жүргізіп тұрды. Ол Жошыдан өрбіген  сұлтандарға көптеген қиын- шылықтар келтірді, сондықтан Жәнібек хан мен Керей хан одан Мо- ғолстанға қашты. Есен-бұға хан оларды ықыласпен қабылдап, Моғолстанның батыс шеті болып табылатын Шу мен Қозыбасы өңірін берді. Олар сол жерде ойдағыдай жайғасып жатқан кезде өзбек ұлысы Әбілқайыр ханның өлімінен кейін құлдырай бастады; (онда) үлкен бұлғақтар басталды. (Оған бағыныштылардың) көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп барды, сондықтан олардың төңірегіне (жиналған адамдардың) саны екі жүз мыңға жетті. Оларға өзбек қазақтар деген ат орнықты. Қазақ сұлтандарының билік жүргізе бас- таған уақыты – сегіз жүз жетпісінші жылдан (хижра бойынша 870 жыл = б.з.1465/1466 ж.), ал анығын бір Алла біледі\”. Мемлекет жерінен жақындарын ерткен жеке адамдар ғана емес, тұтас ауылдар мен тайпалар кетіп жатты, яғни ауа көшу жаппай сипат алды.

    Қазақ хандығының құрылуы Керей мен Жәнібектің ауа көшуімен ғана байланысты болған жоқ, ол ортағасырлық Қазақстанның бүкіл шаруашылық, әлеуметтік, саяси дамуына және қазақтардың этностық тарихының ерекше- ліктерінен туындаған еді. Бұл ауа көшу осы үдерістердің ең маңызды кезеңдерінің бірінің оқиғалық бейнеленуі болды. Нақ сол уақытта, ХV ғасырдың екінші жартысы – ХVI ғасырдың басында болған тарихи оқиғалардың барысында қазақ халқының қазіргі заманғы атауы орнықты. ХV ғасырдың аяғынан бастап \”қазақ\” деген термин саяси сипат алып, Барақтың ұрпақтары Жәнібек, Керей, Бұрындық құрған жекелеген феодалдық иеліктерді атау үшін қолданылды; ХVI ғасырдың басынан бастап көшпелі тайпалардың Шайбани хан бастаған бір бөлігінің Қазақстанның қазіргі аумағынан Мауераннахрға ауа көшуінен кейін \”қазақ\” термині этностық сипат ала бастады.

 

Дереккөз: М.Қ.Әбусейітова, \”Қазақ хандығы\”, Алматы, 2015 жыл, 129-132 беттері.

 

Мақаланы дайындаған: 

Сұрашов Ұзақбай Арапбайұлы

 

Поштасы  24122019n@gmail.com

Кенжебай
Tagged on: