Назар

  Шоған абыз Сүйерқұлұлы XVI-XVII-ші ғасырларда өмір  сүрген қазақтың атақты сәуегей шешен биі, қоғам қайраткері.  Ұрпақтары- Тұғыжым, Дәуім, Мәмбет(Алжан), Үмбет(Шажа).

     Шоған абыз сол бір замандарда 13-14 жасынан ерекше алғырлығы және батырлығымен елінің назарында болып, ертеден ел басқару ісіне араласып, билік айта бастайды. Сан рет сарапқа түсіп, небір үлкен дау-жанжалдарда әділ билік айтқан данагөй дарын иес екен. Көзінің тірісінде сарабдал саңлақ атанып, есімі алашқа кең жайылған.  Осындай ақыл-парасатының арқасында атағы шығып, өз дәуірінің оза шапқан тұлпары болғандықтан, атына абыз сөзі қосылып, халық арасында «Шоған абыз» атануы да сондықтан.

   Тарихи жылнамылардан, ақын-жырау ата-бабаларымыздан,сондай ақ елге сыйлы данагөй шешендеріміз арқылы бізге жеткен деректерде Шоған абыз Сүйерқұлұлы 1560 жылы өмірге келіп, 1584 – 1642 жылдарда қоғам қайраткері, кемел парасатты ел билігін жүргізіп, 1653жылы 93 жасында өмірден өткендігі туралы айтылады. Шежіре саласында қалам тартып жүрген тарихшылар, ғылымдар және жазушылар мен журналистердің ізденістерінде сүйенсек, Шоған абыз Сүйерқұлұлы 1584-1642 жылдарда өмір сүрген деседі.

      Шоған абыздан тараған, мұқым Қазақ еліне мақтаныш болған тарихи тұлғалар аз емес. Жоңғар шапқыншылығы бастан өткен заманда халқына пана болған Хангелді, Райымбек батырлар, ХХ ғасырдың ақиық ақыны, ұлы Мұқағали, ірі саясаткер, қоғам қайраткерлері Сағат, Алтынбек, тағы басқа да халқымызға кеңінен танылған әйгілі ұрпақтардың түп атасы — осы Шоған абыз.

    Қазақ елі кемелденген XVI-XVII ғасырларда бірнеше атаның басын біріктіріп, рулы ел жасаған, өз заманында мемлекеттік дәрежеде халқына өлшеусіз қызымет көрсеткен Шоған абыздың өмір сүрген ортасын, тарихи кезеңін білу — бүгінгі ұрпақ үшін танымдық маңызы зор, құнды дүние. Егер    Қазақ елінің тарихнамасына зер салып қарасақ, Шоған абыздың ат жалын тартып мінген, кәмелетке толған кезі Есім хан билік құрған XVI ғасырдың соңғы ширегіне тұспа-тұс келеді екен. Қазақ елінің мемлекеттік құрылымын жан-жақты күшейткен, бір орталыққа бағынған күшті хандыққа қол жеткізген Есім өзінің кемел ісімен бүкіл Орта Азия өңірінде даңқты хан атанды. Ел билеудегі ерен ісі тарихқа «Есім ханның ескі жолы» деген сол заманға лайықты конституциялық заң үлгісі ретінде кірген, кейінгі Қазақ еліне аты мен заты мәңгіге қалған бірегей тұлға.

    Осы Есім ханнан қалған «ескі жолда» мемлекеттік биліктегі ел басқарудың мынандай төрт қағидаты халық жадында әлі сақтаулы, Бұл қағидат сол кездегі билік жүйесінің құрылымын саралап жиналып бас қосқан құрылтайда жарияланған. Ел басқаруда сайланған би абыздардың дәрежесі бүгінгіміен салыстырғанда сенаторлыққа тең келеді деп пайымдаған жөн. Егер, қазіргі кезде Президент жеті сенаторды өзі тағайындайтынын ескерсек, айтулы абыздарды да кезінде Есім хан тікелей таңдауы бек мүмкін. Сондай хан сеніміне ие болған абыздардың бірі — Шоған абыз болып отыр. «Батырлардың жорық жолын мақұлдау» да үлкен мемлекеттік саясат. Мұнда, әсіресе, халықаралық сыртқы қарым-қатынас, іргелес елдермен тату-тәтті тұру мәселесінің құқыұтық міндеттерін қарастырған. Өйткені, Қазақ елі атам заманнан мемлекеттік құрылымын әскери демократиялық үлгіде ұйымдастырған. Сол негіздегеі елдік мүддені сақтап келгендіктен, іргелі ұлыстарға қарсы жорыққа аттануды алдын ала Хан Кеңесіндегі ұлық билер бірауыздан қолдаса, құқықтық негібен бекітілсе ғана шешімін тапқан. Жалпы, Қазақ елі беймарал, бейбітшіл болғандықтан өзге жұртқа өздігінен ұрынбаған…

«Хан болсын, Ханға лайық заң болсын!

Би болсын, Би түсетін үй болсын!

Абыз болсын, Абыз сайлау парыз болсын!

                        Батыр болсын, Жорық жолы мақұл болсын!»-деп ұлағатты сөзге айналып бізге жеткен, мән-маңызын әсте жоғалтпайтын, ұғымы терең тұжырымдар әрі сол заманның ұстаған конституциялық заң нормасының қағидаттары. Осындай тарихи деректердің көзіне сүйенсек, мұндай ел мүддесі үшін жаңартылған заңдарды іріктеп бекітуге XVI-XVII ғасырларда өмір сүрген Досмұхаммед би(Тәуекел ханның атақты елшісі Құлмұхаммет бидің ағасы), Жиембет би, Монтай билермен қатар, Абыз Шоған би сынды ел таныған атақты билердің қосқан үлсеі зор.

    Академик, ғұлама ғалым Салық Зиманов құрастырған «Қазақтың ата заңдары» деген еңбекте «Есімханның ескі жолы» туралы көптеген ғылыми-зерттеулер берілген. Соның ішінде Ералы Саққұлақұлының(1846-1932ж.ж. атақты Саққұлақ бидің баласы) берген деректерінің орны бөлек. Осы жазба дерек арқылы жеткен «Есім ханның ескі жолы» заңының IV-бабындағы «Қылмыстарға берілетін жаза» бөлімінің «Үкім» тармағы 118 тармақшадан тұрады. Мұның өзі көлемі мен мазмұны жағынан орта дәрежелі заң кодексіне пара-пар келетін ереже-қағидалар екенін көрсетеді. Олай болса, өз заманында кемелділікпен жасалған құқықтық реформаға жоғарыда есімдері аталған айбынды билермен бірге, Абыз Шоған би атамызда зор үлес қосқан. Бұған нақты дәлел — Есім хан Қазақ елінің хан тағында тапжылмай 47 жыл билік құрғандығы. Яғни, ата-бабадан емес, кейінгі тарихшы журналистер дерегінің өзімен қараған көзқарастағы, абыздың 58 жылдық ғұмырының өзінің қырық жеті жылы „Еңсегей бойлы Есім ханның„ ел билеу қызметімен қатар жатыр. Сондықтан Есім ханның жаздырып, конституциялық дәрежеде заңдастырған бұл құқықтық құжаттың дайындалуына, оны талқылап бекіттіруде Шоған абыздың да айтарлықтай үлес қосуының дәлелі болып отыр.

  Сондай-ақ Ташкент, Шыршық, Бозсу, Шымған, Майдантал, Тұрбат, Қазығұрт, Шымкент, Түркістан арасында жалпақ жатқан қалың елге билік айтқан Шоған абыз өзінің әділ билік, елді ұтымды басқарудағы зор бедеілмен Есім ханның ұлық билерінің бірі екенін растайды. Бұған қоса Шоған абыз Ташкент қалсаының бас биі Досмұхаммед — Дос бимен ауылы аралас, қойы қоралас, сол кездегі Албан-Дулаттың атасы бір ағайындас, арасы ажырамаған жапсарлас елдің тумалары, әрі сол кезеңнің замандастары. Ел үшін ерен туған мұндай ұлық билердің бірін-бірі қолдауы, «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп ынтымақтасып, ағалы-інілі екі елдің жамағатын жұмған жұдырықтай береке-бірлікте басқара білуі — өзге қалың елге өнеге болып тараған.

 

Қазақ елінде, ел басқаруда мемлекетке сіңірген еңбегі үшін АБЫЗ атағын беру немесе сайлау ежелгі заманнан келе жатқан, тұрақты бекітілген лауазымдық дәреже. Абыздық, сол Ғұн мен Үйсін мемлекеттеріне тікелей мұрагерлік еткен Түркі қағанатында да сақталған бойына тегіннен-тегін лақ ете қалмайтын шешендікті, ұрымтал мен ұтымдалды қапысыз танитын қырағы ақыл-ойды, санап айтып, қадап тигізетін мірдің оғындай өтімді пікірді, бұралаңы мен бұлтарысы көп өмір жолы мен заңнамалар хафизі,билік сараптаудың  қай тұсында да көңіл бұйдасын тек арға ұстатқан рухани қайсарлық пен кемел парасатты сипаттайтын лауазым.  Егер тарихи жылнамаларды парақтап қарайтын болсақ, абыздық атақты беру ықылым замандағы Ғұн, Үйсін, беріректегі Түркі қағанаты дәуірінде мемлекеттік билікті бөлудегі әбден қалыптасқан заңдылық. Мұны мына бір тарихи деректермен дәйектей кеткен жөн. Белгілі ғалым Нығмет Мыңжанұлының Шынжан халық баспасынан шыққан «Үйсін туралы жалпы шолу» деген еңбегінде: «… Үйсін елінде бүкіл елді басқаратын өкіметтік ұйымы болды. Оның негізгі лауазымдары мынадай:», дей келе алтыншы бағанада, — «Абыз(бас бағамдар) — бұл лауазымға екі адам тағайындалды» деген нақты дерек келтіреді. Ал Түкия елі бүгінгі кезде мемлекеттің Премьер-Министрін «Бас бақан» деуі бұл лауазымның осы «бас бағамнан» алынғанын меңзейді.

, Шоған туралы мақала енгізудесіз

Шоған
Tagged on: