Олжай Әйтекеұлы (шамамен 17 ғасырдың 2-жартысы – 18 ғасырдың алғашқы ширегі) – Абайдың бесінші атасы.

 

Әйтеке Кішіұлының бәйбішесінен Олжай Әйтекеұлы, тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туған. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жандос (Жігітек) тарайды.

 

Осы үш арыстан өңкей елге басшы, найза ұстаған батыр, би, шешен, енерпаз ұрпақ өрбіген. Сондықтан да халық оларды «Олжай ұрпақтары» деп ерекше ардақ тұтқан. Белгілі «Қалқаман-Мамыр» дастаны Олжайдың інісі Қалқаман өміріне байланысты шығарылған. Олжай туралы деректер тым аз. Тарихи деректер Олжайдың қабірі Сыр бойында, қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданың жерінде дегенге мегзейді.[1]

Әнет бабаның төрбиесін көріп өскен Олжай ӘЙТЕКҰЛЫ шамамен 17-ғасырдың аяғы, 18-ғасырдың басында өмір сүрген Мұсабай би, Әнет бабадан кейінгі Тобықтының тұтастығын сақтауға үлкен еңбек еткен білікті би, әрі өнерпаз, ақын,сазгер. Ол \”Ақтабан шұбырындыға\”
ұшыраған елін сақтау үшін әуелде Қаратаудан асып Арқаға беттеп, одан қоныс таба алмай Кіші жүзге қарай ойысып, солармен қанаттасып елін Орға апарады.
Одан Мұғаджарға келіп, Арқадағы Шыңғыстауға елін бағыттап, бастаған ірі тұлға.
Ол осы шақтағы халқымыздың әнұраны
болған \”Елім-ай\” әнін шығарған кісі. Ұлы
жазушымыз Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың
\”Елім-ай\” әні Тобықты әні дейтіні содан.
\”Үш Олжай\” атанған Олжай балалары
Қайдос, Айдос, Жандостан (Жігітектен) елге
басшы би, қол бастаған батыр, сөз бастаған
шешен, өнерпаз ұрпақтың көп шыққаны
тарихи ақиқат. Сондықтан да болар, Арғын,
Тобықты ортасында Олжай балаларына
ерекше құрметпен қарайды.
Олжай бабамыздың шығарған \”Елім-ай\”әні ғасырлар бойы тек тобықты емес, исі қазақпен бірге жасап келеді. Ол:
\”Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді-ай.
Елім-ай, Елім-ай!
Қарындастан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді-ай.
Елім-ай, Елім-ай!
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғыдай болсайшы тағы заман-ай.
Елім-ай, Елім-ай!
Атадан ұл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көл қылып ағызамын-ай.
Елім-ай, Елім-ай!\”, деп жеке бір жанның қасірет күйі емес, тұтас халықтың басынан өткен ауыр күндерді сазды сарын-жыр етіп, күйзеліспен күресуге олардың басын топтастырып келген еді. Ол кезінде \”Елім-ай\” поэмасына арна арқау болды. 

 

Олжай батыр
Tagged on: