Төлегетай баба

Төлегетай баба Сүйінішұлы (шамамен 14-15-ғ-да өмір сүрген) – батыр, әулие атанған тарихи тұлға. Сол заманның белгілі қоғам қайраткері. Бұл күнде «Төрт Төлегетай» атанып жүрген Найман руының төрт тайпасы: Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл – Төлегетай бабаның немерелері.

Төлегетай баба өз заманында қол бастаған батыр, елдің қамын жеп, бірлігін ойлаған қайраткер, қазақ арасында исламды, Аллаһтың ақ жолын насихаттаған әулие болғаны күллі қазаққа мәлім.

Төлегетай баба туралы ең алғаш қалам тербеген адам –  Түркістан автономиясының премьер-министрі болған Мұхаметжан Тынышбаев еді. Ол кейін, 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Қазақ тарихына қатысты материалдар» деген халқымыздың тарихы мен этнографиясына қатысты көлемді еңбегінде Төлегетай бабамен қатар, қазақ халқын құрайтын ру-тайпалар жөнінде көптеген жазба шежірелік материалдар береді. Автордың, осы еңбегі қазірге дейін қазақ ғалымында құнды еңбек ретінде аталып келеді.

Тарихққа көз жүгіртсек, қатты қырғыннан кейін халықта қайта бір ояну, серпілу болып отырған. Шыңғыс хан заманында соғыса жүріп, Алтай мен Тарбағатайдан Сыр бойына қоныс аударған қазақ тайпалары ес жиып, елдік санатын қалпына келтіре бастағанда елге тұтқа болған тұлғалардың бірі – Төлегетай баба.

Сол себепті қазақтың қазіргі белгілі ғалымдарының бірі Әділхан Байбатшаұлы «Қазақ даласының ежелгі тарихы» деген кітабында: « қазақтың ұлт болып қалыптасуына бастаушы ретінде билік тізгінін ұстаған алғашқы тұлғалардың бірі – Найман Төлегетай әулие еді…», – деп жазады. 

Мазары Қызылорда облысының  Жаңақорған ауданы,  Қыркеңсе  ауылдық округінің аумағында (қазіргі Әбдіғаппар Нұртазаев ауылы) тұр.

Дереккөз – https://abai.kz/post/14648 

 

Төлегетай
Tagged on: