Ергенекті — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан тарайды. Ергенекті Саржомарт, Бура, Көкжарлы аталарына бөлінеді. Ергенекті руы Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Ұлан, Самар өңірлерін, Кереку, Семей төңірегін қоныстанған. Біраз бөлігі Таулы Алтай, Моңғолия мен Қытай қазақтары арасында кездеседі. Ұраны —Қаптағай. Таңбасы — Ергенек 

Дереккөз – https://kk.wikipedia.org/wiki/Ергенекті 

Ергенекті Найманды келесі үш ру құрайды:

  1. Көкжарлы. Шежіре бойынша, Көкжарлыдан екі бала: Ұлатемір, Қылыштықияқ. Көкжарлының үлкен ұлы Қылыштықияқтан — Андағұл, Жəрке. Екінші ұлы Ұлатемірден — Қаратай, Тілеуберді, Қайыпберді, Тəңірберді, Құдайсүгір [4; 243].

Ертеде Көкжарлы ұрпақтары Өскемен уезінің Сібе, Тарғын, Нарын жəне Күршім болыстарын мекендеді. Олар негізінен мал өсіріп, егін салды. Өзен бойындағы кедейлер балық аулау кəсібімен айналысты [13; 10].

  1. Бура — Ергенекті Наймандарды құрайтын үш рудың біреуі. Бурадан (Бура Найманнан) тарайтын негізгі ру бөлімдері Ж.Тілекенің еңбегінде берілген: Сарғалдақ, Сырмақ, Жарымбет, Алатау, Құлатау. Сарғалдақтан — Мəмбетқұл, Үмбет. Сырмақтан — Жарасқұл, Құлтуды. Алатаудан Алушы, одан — Ұмбетқұл, Солтанқұл. Құлатаудан — Досық, Сырдақ, Сұрша, Шеге [18].

Кейбір шежіре нұсқаларында Шеге, Алушы, Сырдақ Бураның өз кіндігінен тараған балалары ретінде берілген [19].

Ал «Найман» атты еңбектің үшінші томында Құлатаудан — Досық, Сырдақ, Сұрша, Шеге, Алушы деп аталатын бес ру тарайды деген қорытынды жасалған [4; 277].

Бура Наймандар бұрын Өскемен уезін мекендеген.

  1. Сарыжомарт — Ергенекті Найманның үшінші руы. Ж.Бейсенбайұлының «Ана тілі» апталығына келіп түскен шежіре нұсқаларын қорытып жариялаған «Қазақ шежіресі» атты еңбегінде Сарыжомарттан — Жаулыбай, одан — Теңізбай, Құлтай, Қанай, Құсты, Қалғұты, Асылбай, Амансиық, Алсиық атты сегіз ұл таратылған [6; 127]. Осы нұсқа Тарақты Ақселеудің кітабында қайталанады [8; 95]

Сондықтан да Сарыжомарт руынан негізінен сегіз ру бөлімі тармақталатынына көз жеткізуге болады. 

Дереккөз – https://articlekz.com/kk/article/15497 

Ергенекті
Tagged on: