Доғал Мотыш байдың елуге келгенінде туыпты. Мотыш бай мал мен жанның иесі жаңа туды деп атын азан шақырып Жылқайдар қойған екен. Доғал атануы мінезінің бірбеткейлігіне, айтқанында тұратын бірсөзділігіне, нақты кесіп айтатын қасиетіне орай аталса керек. Доғалекең зор денелі, сары адам болған деседі. Елу – алпыс жасқа келгенге дейін, қара қоста жылқышыларымен бірге жылқы бағысып, шаруамен біте қайнасып жүрген. Құнанбай Доғалекеңді ақылшы аға деп сыйлап, қатты құрметтеген. Олай дейтініміз Абай әкесі Құнанбайдан “Әке, осы Тобықтының жақсысы кім”, деп сұрағанда, Құнекең “Тобықтының жақсысы – Мотыш, өйткені Мотыш балалары – адал, өтірік айтпайды, қақ – соқпен жұмысы жоқ, қолды келеді”, деп баға беруі Доғалекеңе деген үлкен құрметінен туындаған пікір болса керек. Құнекең басқа ағайындарын жерден ығыстырып, қысымшылық жасағанда Мотыш балаларының жеріне тісі батпауы – Доғалдың айтқан сӛзінің, тілінің дӛп тиетінінен именгенінен және Доғалға деген сыйласымынан болуы керек. Кезінде белгілі Көкбай ақын: Кім жеткен Доғал ата бағасына, Ну орнап, нұр құйылған сағасына. Бойына Құндыз Шеттіњ талас болып, Билік айтқан тӛрт арыс баласына, – деп Доғалекеңе зор баға береді. Доғал би жайлы халық арасында айтылатын аңыз сөздері негізінен оның төрт қасиетіне байланысты: Біріншісі: Доғалдың алыстан болжағыш көрегендігі, айтқан сөзінің дөп келетін дуалылығы, Екіншісі: мыңғырған мал біткен байлығына орай кесек мырзалығының болуы, Үшіншісі: билікке түсуі, Төртіншісі: бір қойдың етін бітіріп тауысып кететін тәбетінің болуы. Осы төрт қасиетіне орай халқы оны жоғары бағалап, құрмет тұтқан. Ел ішіндегі байлар Доғалдың батасын алуға тырысқан. Доғалекең өзінің өлетін кезін алдын – ала сезіп, Құнанбайдың хабаршысына “тез жетсін” деп сәлем айтыпты. Алайда сөзі жөн, тәбеті жақсы екенін көріп, сеніңкірей қоймаған хабаршы жігіт уақытында сәлемді жеткізбейді. Доғал қайтыс болғаннан кейін оның жылдық асына аға сұлтан Құнанбайдың өзі бас болып, орта жүзге сауын айтып, ас береді. Доғалға деген үлкен құрметін, парызын Құнекең осылай өтеген болар.

ДоғалЖылқыайдар
Tagged on: