Мотыш баба Қуандықұлы (шамамен 1740-1816 жылдарда өмір сүрген) шешесі Үйсін қызы Құрақбике Мәмбетей Тәңірбердінің баба атанған аруақты ұрпағы. Қалың Тобықты-Мәмбетей елінің бабасы.

Ертеден ел ортасындағы ауыз екі айтылатын әңгімелерде Абай әкесінен \”Тәте,Тобықтыда кім жақсы?-деп сұрапты….дейді.

Құнекең:

\”ТобықтыдаМотыштар жақсы, өйткені, олар өз сөздеріне,уәдесіне берік,біртоға,өтірік-өсек айтпайды,өз шаруаларына мығым,мінезге бай, ынтымақты жұрт\”-деген екен.

Сонау қиын-қыстау, аштық заманын­да бір аңшы арқар аулап, бүкіл ауылды аман сақтап қалған кездер де болған. Осыған байланыс­ты аңыз-әпсаналар қазақ фольклорында көптеп кездеседі. Өр мінезді, таудың рухы болып табылатын ай мүйізді арқарымыз туралы сөз қозғамай тұрып, алдымен, адам мен арқарға байланысты мына бір аңызды еске салайық. Ақтабан шұбырынды заманында қазақтар қалмақтан жеңіліп жер ауып бара жатады. Еңбектеген баласынан қартайған кемпір-шалына дейін басы ауған жаққа босқан, байтал түгіл бас қайғы дейтін шақ еді бұл заман. Зұлматтың зардабын шегіп, ішерге ауқаты жоқ, «Елім-ай» деп зар жылаған, емшектегі баласы бар келіншек жүдеп-жадап, нәрестесін көтеріп жүруге де әл-дәрмені қалмаған соң күйеуі: 

 

– «Бала белде, қатын жолда» дейді қазақ, қайтесің, қалдыр баланы, ілес көшке, бір жо­таның басына тастап кет, әйтпесе көштің соңында қаласың, – деп келіншекті өз баласын амалсыз қалдырып кетуге мәжбүрлейді. 

 

Әйел бауыр етін қимай тұрса да тастың басында жылап-сықтап, жөргекке ораулы сәбиін жатқызып кетеді. Бірақ, біраз ұзаған соң, жүрегі езіліп баласын ойлайды. Не бол­ды екен деген оймен күйеуінің бар­ма дегеніне қарамастан, тас­тап кеткен жеріне қайта оралады. Жақындаған кезде бір жануар баланың қасынан ұзай береді. Сөйтсе, арқардың аналығы аш баланы емізіп, сүтке тойдырып кетіп барады екен, 

 

Әйел қуанғанынан баласын қолына алып, көшті қуып жетіпті. Сол аман қалған баланың есімі Мотыш екен. Ол адам әулие, өте ақыл­ды, абыройлы ел атасы бол­ған. Ұлы Абай еліндегі тобықты тай­пасының үлкен бабасы атанып, белінен Мотыш деген рулы қауым тараған.

 

Мотыш
Tagged on: