Әлімнен тарайтын Назар ұрпақтарының бірі Бәйімбеттер туралы шежіре  2012 жылға дейін  ресми түрде болған жоқ. Кейбір назар руы туралы басылымдарда Бәйімбеттер туралы мағлұматтар жоқтың қасы немесе,  бірі –  біріне  қайшы келіп жатады.Ал, Бәйімбеттің Бимырзасы туралы еш жерде мәлімет тіркелмеген. Міне осы мәселені бірінші болып қолға алған Бәйімбеттің Әжібайының ұрпағы, Аймағанбет (Айеке) Құсенұлы Ермағанбетов  болатын. Ол өзінің «Туған жерім тұғырым»  деген ктабына (2012 жылы) Бәйімбеттер туралы шежірені енгізді. Әрине, бірінші жарық көрген дуние болған соң, мәліметтердің жетіспушілігнен, толықтыруды  қажет еткен жерлеріде болды. Айекенің ұйымдастыруымен 2019 жылы Бәйімбет Бабамызға ас берілді, оған Бәйімбеттің бес баласының да ұрпақтары қатысты. Сол уқыттан бастап, шежіренің авторының келсімімен,  Жем өзенінің бойын мекендеген Бәйімбеттің Бимырзасының  ұрпақтарынан қосымша мәліметтер жинақталып, шежіреге енгізуге дайындық басталды. Бұл жұмыспен айналысқан Бәйімбет Өтептің ұрпағы, тау – кен инженері, Дадабаев Серікболат Қабылтайұлы болды. Бәйімтетер  Мұғалжар тауының бөктерін мекендеп, негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Кейінрек, теміржол  және тас өндіріу т.б. өндіріс салаларында жұмыстар атқара бастаған. Осыдан 180 -200 жылдай бұрын Бәйімбеттің үлкен баласы Өтептің ұрпақтары Жем өзенінің бойын жайлап, мекендеп, орын тепкен. Қазіргі кезде Өтеп ұрпақтарының арасында Бәйімбеттің Әжібайының жәнеде Жасыбайының да ұрпақтары бар.Олар халық шарушылығының  әртүрлі саласында  жұмыстар атқарады. Міне осы ұрпақтарды іздестіріп, шежіреге енгізу негізгі мәселе болды. Бәйімбеттер туралы шежірені «Тумаластар» сайтына енгізгендер  Бәйімбет  Өтептің, Бимырзасының ұрпақтары:  Әмен  ЕркебұланСерікұлы және Серікболат Қайнар  Маратұлы.

Бәйімбеттер шежіресі
Tagged on: