Арықтан 3 бала тарайды.Қарамойын, Өтебай, Құтым. Қарабектің есімін Қарамойын деп өзгертсеңіздер.  Қарамойыннан Иргебай, Сіргебай, Муқан деген аталарымыз тарайды. Иргебайдан бала жоқ, Сіргебайдан -Иманбек, Зауренбек, Муқан деген аталарымыз. Иманбектен- Амантай, Зауренбектен-Тұрарбек, Жиенбек, Бейсенбек. Тұрарбектен -Айдынбек. Айдынбектен-Жәнібек. Жиенбектен-Атайбек, Бейсенбектен -Сагымбек. Мұқаннан -Иманғазы, Мелс. Иманғазыдан бір бала., Мелстен -Нурлан, Асылан, Руслан. Осы кісілерді шежіреге енгізсеңіз өте қуанышты болар едім. 120 соз не жазарымды білмеймін, жазған мәлімметтерім сізге кетпей жатыр. Не істесем болады? Неше күн қарайсыздар, мәліметке

БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ

ШЕЖІРЕЛІК ДАСТАНДАР

ОРТА ЖҮЗ НАЙМАН ШЕЖІРЕСІ нен үзінді салып отырмын.

Қазақ халқы деп қалған осындайдан.

Туылған Меңлібайдан үш ұл дейді,

Әлімбет, Тоғымбет пен Артық еді.

Қажыға жас күнінде Артық барып,

510. Әулеті қажы атанып қалып еді.

Артықтан үш ұл туып жеткен еді,

Қарамойын, Өтебай мен Құтым еді.

Қажыға сол заманда барған жан жоқ,

Қадірлеп елі мықты күтіп еді.

Тоққожа Өтебайдан жалғыз болып,

Ол дағы өніп-өсіп кетіп еді.

Құтымнан Сәт, Төлеген, Бәйтен, Тілес,

Жәнібек, Құрман, Дауыш туған тегіс.

Атанып жеті Құтым өсімі боп,

520. Мақтанып осыларды қылған кеңес.

Байторы тұқымынан болған еді,

Білгенге бәрі дайын ата жөні.

Мұнымен Құтым жөні тұра тұрсын,

Артынан айтылады артық-кемі.

Алдияр туды Әжығұл Әлімбеттен,

Әжіғұл сауда қыла шәрі кеткен.

Қарабек
Tagged on: