Атам Жәленұлы Жанәділ 1881 жылы тұған. Темір уезінің Темір-Орқаш болысына қарасты №5, яғни Қопа ауылының тумасы. Шаруа. Қайтыс болған уақыты мен жерленген жері белгісіз, Қопа ауылының \”оңтүстігінде\” орналасқан \”Ақжігіт\” көне қорымында болу керек.

Жұбайы, әжем Жәленова Зейнеп Үбіниязқызы 1886 жылы тұған. Руы Баба Бұжырдың Назар, Сәңкібай батыр ұрпағы – Толыбай \”аталығы\”. Шаруа.

Ұлдары – Мүбәрак пен Игілік, қыздары Қәрима және Қалима. Мүбәрак 1923 жылы тұған, соғысқа дейін Ақтөбе облысының Байғанин ауданына қарасты Қызыл-бұлақ аулсоветінің Көктүбек ауылында мұғалім болып қызмет еткен. 1942 жылы наурыздың 10-күні Темір аудандық әскери комиссариатымен әскерге шақыртылып – хабар ошарсыз кеткен. Игілік – ержетіп, әскерге барып келіп, Байғанин, Мұғалжар және Темір аудандарында әрі түрлі қызметтерде және отбасылы болады. Кәрима мен Қалима, оқуларын бітіріп – Мұғалжар және Ойыл аудандарында ұстаздық етіп, отбасылы және бала-шағалы болады.

Әжем Жәленова Зейнеп  Үбіниязқызы – 1958 жылы шілденің 30-күні қайтыс болған, жерленген жері Ноғайты ауылының қорымы.

Әжемізге: …\”Көрмесек те, білеміз. Елеусіз қалдым ғой демеңіз! Самал жел алақаныңыздай. Әже!, – деп айтқаны болады қандай?!\”…

Немересі: Тұрлан Жанәділов, 22.04.2020 ж.

 

Жәленұлы Жанәділ туралы
Tagged on: