Халықтың үш биді сынауы.

 

        Ордабасында бас қосқан бір үлкен жиында Төле, Қазыбек, Əйтеке билерге:

        -Сіздерден тілейтініміз есте жүрер бір-бір ауыз сөз айтсаңыздар – дейді жиналған игі жақсылар.

            Бірінші сөзді Төле би алып

 -Биікке шықсаң көзің ашылады.               Жақсы мен жолдас болсаң зейінің ашылады. – деген екен.

             Қаз дауысты Қазыбек би:

    -Аты жаманның арманы кетеді.

Баласы жаманның дəрмені кетеді.- дейді.

   Іле сөз кезегін Əйтеке би жалғастырады.

    -Алланың қалағаны – азан.

    Пенденің қалағаны – қазан. -деген екен.

            Жұрттың біразы: – Төле озды – деп шуласа, тағы бір тобы – Қаз дауысты Қазыбек озды – деп өздерінің пікірін білдіреді. Үшіншілері \”Əйтеке озды\” деп таласады.

          Сонда Қойгелді батыр билік айтқан екен:

            Жұртым-ау, үш би де аталы сөз айтты ғой. Үш данадан шыққан үш нақыл сөз бәріміз үшін қазына ақыл ғой. Үш топқа бөлінуде артында үш жүзге  бөліну жатпасын ! Өз ағайындарымыздың ғана аты озсын деп жүйріктерін шылбырдан сүйреп, сауырға қамшы сілтеген мін емес пе ? Қызыл көз қызғаншақтық деген итке таланғанша \”Бəрі озды\”, \”біз оздық\” десеңіздер шын емес пе ?! Соны айтуға ауыздарыңыздың икемді келмей тұр ма, əлде жүректеріңіз дауламай тұр ма ?  деген екен мысқылдай күліп …

      

Дереккөз: Ел аузынан.

Мақала авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

Поштасы  24122019n@gmail.com

Есбол
Tagged on: