Бейсбекұлы Тоқсаба 1932 жылы  қазіргі Жамбыл облысы Сарысу ауданында, Қызыл дихан (Құрттыбұлақ) елді мекенінде дүниеге келген.

Атамыздың арғы тегі Кіші жүз – Жетіру – Тама ішіндегі Жөгі одан тараған Молдастан басталады.

Әкесі: Жолбарысұлы Бейісбек.

Анасы: Бексұлтанқызы Аяулым.

Әкесі 1941 жылы  Ұлы Отан соғысына кетіп, майданда ерлікпен қаза тапқан.  Тоқсаба атамыз анасы Аяулымның тәрбиесінде өсті.

Үшарал ауылы мектебінде 10 жылдық білім алып, Ташкенттегі Зоотехнический Институтына (қазіргі  Таш ГАУ) түсіп, оны қызыл дипломмен аяқтаған.

Жоғарғы оқу орынынан кейін елге келіп, Жайылма совхозының бөлімшесі «Қызыл дихан» (Жданов, Құртты бұлақ) ауылы фермаларында қарапайым жұмысшы болып еңбек жолын бастап, ферма басқарушысы (управляющий) тағы басқа басшылық қызметтер атқарған.

Тоқсаба атамыз 1957 жылы Сеңгірбек руынан шыққан Байтоқақызы Рахимамен бас қосып шаңырақ көтерген. Сол шаңырақта 3 ұл мен 6 қыз дүниеге келіп, оларды оқытып тәрбие берген.

  1. Бейсбеков Тоқтамыс Тоқсабаұлы 1960 жылы дүниеге келген.
  2. Бейсбекова Роза Тоқсабақызы 1963 жылы дүниеге келген.
  3. Бейсбекова Бекзат Тоқсабақызы 1965 жылы дүниеге келген.
  4. Бейсбеков Тоғай Тоқсабаұлы 1967 жыл дүниеге келген.
  5. Бейсбеков Тоғайбек Тоқсабаұлы 1970 жылы дүниеге келген.
  6. Бейсбекова Қымбат Тоқсабақызы 1972 жылы дүниеге келген.
  7. Бейсбекова Аманкүл Тоқсабақызы 1974 жылы дүниеге келген.
  8. Бейсбекова Айнұр Тоқсабақызы 1977 жылы дүниеге келген.
  9. Бейсбекова Анар Тоқсабақызы 1979 жылы дүниеге келген.

Бүгінде сол ұрпақтарынан тараған немерелері мен шөберелері бар.

 

Жөгі
Tagged on: