Әбілқайыров Тухфатолла-Қалыбай Мақсотұлы 

 

1960 жылы  14 қантарда Гурьев қаласы (қазіргі Атырау қаласы) Самарканд көшесі 57 үйде  дүниеге келді. 

            1967-1977 жылдар аралығында  Гурьев қаласындағы Гагарин атындағы орта мектебіне он жылдық білім алды

            1978-1980 жылдар аралығында Совет армиясы қатарына алынып, Отан алдындағы әскери борышын Байқонырда Ленинск қаласында өтеді.

            1981-1984 жылдар аралығында Гурьевте механикаландырылған жұмыс басқармасы «Нефтехимхимстрой» тресі диспетчері – өндіріс бастығы

            1984-1985 жылдар аралығында Гурьев өңірлік өндірістік және техникалық коммуникациялар бөлімі – бас көлік маманы

            1985-1987 жылдар аралығында Гурьев облыстық өндірістік-техникалық коммуникациялар депосының жүк және жолаушылар паркі колонна бастығы

            1987-1989 жылдар аралығында Құрылыс-монтаж басқармасының 3-ші техникалық жабдықтау мен комплектациялау басқармасы «Эмбанефтестрои» трестінің бөлім бастығы.

            1989-1990 жылдар аралығында «Кульсарынефтестрои» трестінің техникалық жабдықтау мен комплектациялау басқармасы өндірістік базасының бастығы.

            1990-1992 жылдар аралығында «Кульсарынефтестрои» трестінің техникалық жабдықтау мен комплектациялау басқармасы базасының бастығы.

            1992-1994 жылдар аралығында «Теңізхолод» мемлекеттік шағын кәсіпорны Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары

            1994-1995 жылдар аралығында 3-ші Өзін-өзі қамтамасыз ететін сауда бірлестігінде механик

            1995-1996 жылдар аралығында Атырау әуежай кеден бекетінің инспекторы

            1996ж бастап қазірге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысады «Абилхайров Т.М.» ЖК директоры

            2001 жылы өзінің жетінші атасы Құттығай батыр бабасының зиратын тауып, белгі  қоюға бар күш жігерін жұмсап, осы істі өзі қолға алып, ұйымдастырған азамат, Маңғыстаудан арнайы салмағы тоғыз тонна ескерткіш жасатып және граниттен құлпытасын жасатып атамыздың мәңгілік мекеніне әкеліп қойды. Қойылған белгі ескерткішті мемлекет қарауына алдырып, оны қорғауға тиісті мекемелерге рәсімдеп тапсыруда Қалыбай-Тұхпатолла Мақсотұлы Әбілхайыров үлкен жұмыстар атқарды. 2011 жылы қараша айының 21-і күні Қалыбай-Тұхпатолла Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Батыс Қазақстан облысының тарихи мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне Құттығай батыр жөніндегі материалдарды тапсырды. Атап айтқанда, Құттығай батыр туралы жарық көрген барлық материалдармен қоса, Құттығай батырға қойылған белгінің фотосуреті, батырға қойылған белгі ескерткіштің схема-сызбасын ұсынды. Сондай-ақ облыстық өлкетану мұражайынада құжаттар берілді.

            Сондай-ақ, облыс көлеміндегі тарихи ескерткіштерді мәңгі есте қалдыру үшін Батыс Қазақстан облыстық өлкетану мұражайына батыр туралы деректерді өткізудеде тарихи деректердің көшірме хаттамаларын тапсырды. Құттығай батырды есте қалдыру үшін Атырау облысының Элеватор ықшам ауданындағы Элеваторный көшесіне «Құттығай батыр» атағын бергіздірді.

Әбілқайыров Тухфатолла-Қалыбай Мақсотұлы
Tagged on: