Сеңгірбаев Дәуренбек Исақұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD 1968 жылы қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Ақжар елді мекенінде дүниеге келген. 1985 жылы Шымкент қаласының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы № 12 мектеп-интернатын «Алтын» медальмен тәмамдаған.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін үздік бітіріп, 1996  – 1998 жылдары урология ғылыми институтында «урология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура өткен. Ординатураны бітіргеннен соң 16.09.1998 жылы еңбек жолын С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ урология және оперативтік нефрология кафедрасына өтілші – оқытушы болып бастап, қазіргі уақытта урология кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді.

2001 жылы «Бүйрек тасы ауруын экстракорпоралды соққы толқынды литотрипсия әдісімен емдеудің шалғай уақыттан кейінгі нәтижелері» тақырыбында урология саласы бойынша алғаш мемлекеттік тілде кандидаттық диссертация қорғаған.

         Д.И. Сеңгірбаев жоғары санаттағы дәрігер – уролог, үнемі жоспарлы және жедел оталар жүргізеді. Урологиядағы хирургиялық оталарды жеткілікті меңгерген және заманауи ғылымның жетістіктерін өз тәжірибесінде қолдана біледі.

          Д.И. Сеңгірбаев 100 аса ғылыми жұмыс, оның ішінде 1 монография, 1 оқу құралы, 7 әдістемелік ұсыным және 4 өнертапқыштық иегері.

         Қызмет барысында профессор Сеңгірбаев Д.И. өзін жоғары білікті оқытушы, ғылыми қызметкер және жоғарғы санаттағы дәрігер ретінде танытты және әріптестер, студенттер және науқастар арасында жоғары беделге ие.

        Д.И. Сеңгірбаев сіңірген еңбегінің арқасында «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үшіні», «Алтын дәрігер» төс белгілерімен және бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған. 2023 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессорлық – оқытушылық құрам қызметінің негізгі көрсеткіштерін бағалау қорытындысы бойынша “2023 жылғы ҚазҰМУ жеңімпазы” атағына ие болған.

Мәлімет берген: Елікбай Асқар

Дауренбек
Tagged on: