Сеңгірбаев Исақ (1915 – 1976)

 

      Сеңгірбаев Исақ –  1915 жылы қазіргі Түркістан облысы, Төле Би ауданының Кеңесарық (Қара сора) елді мекенінде дүниеге келген. Сол елді мекенде бастауыш мектептен үш сынып деңгейінде білім алып, 1928 жылы сол кездің талқысына сай 13 жасар боз бала еңбекке ерте араласқан. Еңбек жолын 1928 жылдың маусым айында Ленгер ауданының « Хлебороб» колхозында колхозшы ретінде бастаған. 1938 – 1940 жылдар аралығында Беларуссия әскери аймағында қызыл жауынгер қатарында әскери қызметін атқарған. Әскерден соң сол Ленгер ауданының « Хлебороб» колхозында колхозшы ретінде қызмет атқарған.

       Ұлы Отан соғысы ешкімді де тысқары қалдырмады. 1941 жылы Брянск оңтүстік майданына шақырылып соғысқа аттанды. Сұрапыл соғыста алған жарақатынан 1943 – 1944 жылдар аралығында Саратов облысының Энгельс қаласында емделіп, 1944 жылы алған жарақатына байланысты елге қайтарылады. Майданда жүріп 1943 жылдың маусым айында  Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының коммунистік партиясына мүше болып, сол жылдың қазан айында толық мүшесі болып бекітіледі.  1975 жыжы КСРО қорғаныс министрі Совет Одағының маршалы А. Гречкомен «Фашистік Гермнияны жеңгеннің 30 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталады. Сонымен қатар «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг» медалімен   марапатталған.

      Елге оралғаннан соң 1944 – 1946 жылдарда Ленгер ауданының

« Хлебороб» колхозында колхозшы болып еңбек атқарған. 1946 жылы Қаратас ауданының «Ынтымақ» колхозына ауыстырылады. Ал 1948 – 1950 жылдарда Қаратас ауданының «Ақ құм» кохозының меңгерушісі қызметін атқарады. 1950 – 1951 жылдар аралығында Қаратас ауданының «Күйік» совхозында жұмысшы ретінде еңбек еткен. 1951 – 1961 жылдарда «Жданов» совхозында жұмысшы болып істейді. 1961 жылдан бастап 1975 жылға дейін сол совхозда аға шопан болып қызмет атқарады. Ал 1975 жылдан бстап өмірінің соңына дейін Ленин ауданының «Шанақ» совхозында аға шопан қызметін атқарады. Есімі Шымкент қаласының Абай саябағындағы “Даңқ” мемориалына енген.

Мәлімет берген: Елікбай Асқар

Исақ
Tagged on: