Байбосынов Теңізбай Байбосынұлы 1923 жылы 2-ші қаңтарда бұрынғы Гурьев қазіргі Атырау облысы, Кенбай елді мекенінде қарапайым шаруа Байбосын шаңырағында дүниеге келген. Анасы Жанбаладан 2 жасында жетім қалған. Бел немере Есен атамыз қайтыс болып, артында жесірі Қанжан анамыз қалады. Есен атамыз дүниеден озарында әйелі Қанжан анамыздың құрсағында 2-3 айлық ұрпағының қалғанын айтып кетеді. Алдындағы баласының есімі Қабдығали екен, іште қалған бала ұл болса Әбдіғали деп қоярсың деп өсиет еткен екен. Қазақ елі жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған елміз ғой. әмеңгерлік салты бойынша Байбосын атамызға Қанжан анамызды атастырған. Қанжан анамыз Байбосын атамызға қосылғаннан кейін Теңелбай, Сергей, Жауғашты ағаларымыз өмірге келген. Олар қазіргі кезде ұрпақтары тараған үлкен әулет. Байбосын атамыздың бәйбішесі Жанбаладан Теңізбай атамыз дүниеге келген. Атамыз Теңізбай жастайынын колхозда еңбек еткен. 1942 жылы майдан шебіне қосылып, соғыс аяқталнан кейін аман-есен елге оралды. 1949 жылы әжеміз шеркеш руынан Сәрсенқызы Несібелімен шаңырақ көтерген. Атамыз Теңізбай мен әжеміз Несібелі 2 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Атамыз Теңізбай мен әжеміз Несібелі өздерінің балаларымен қоса соғысқа кеткен ағайынның балаларында тәрбиелеп өсіріп, бір-бір жанұя қылып шығарды. Атамыз Теңізбай еңбек жолын кколхозда шаруа, интернатта завхоз, сатушы болып, бертін келе совхозда қойма меңгерушісі болып қызмет атқарды. 52 жасынан бастап соғыста көрген зардабынан 18 жыл зағип болып отырды. 1993 жылы 18 қазанда дүниеден озды.
Мәлімет берген Теңізбай немересі Ербұлан Кемелбайұлы.

Теңізбай
Tagged on: