Ташкентті Сарттан қайтарып алудың бір соғысында қазақтар үш
күн соғысып, шепті бұза алмайды. Үшінші күні әскер алдында хан
жарлық шығарады: «Ертең соңғы күн соғысамыз, шепті бірінші
болып кім бұзса соған үш тілек орындаймын,»- депті. Ертеңінде
күн шыға дабыл қағылып, қазақ әскері ұрысқа шығады. Бір кезде шеп бұзылып, әскер Ташкентті алады. Хан келіп сарайдағы
таққа отырады. Сол кезде әркім келіп «шепті мен бұздым» деп
ханға сауал салады. Сондай сөз көбейген кезде хан орнынан тұрып
жар салады: «Шепті бұзған батыр алдыма әлі келген жоқ. Оның
астында ала аты бар, кеудесінде жарғағы болатын,» — депті.

Соны естіп тұрған Нарынбай (Жанкөбекұлы) атқа міне салып қала
сыртына шаба жөнеледі. Сөйтсе қала сыртында қала бегін қуып
жетіп қолға түсіріп, айдап келе жатқан Кедей батыр бар екен. Нарынбай Кедейге келіп хан шақыртып жатқанын айтады, өзін қалаға
бек сайлатуды сұрайды.
Кедей батыр «Алдияр, тақсыр!» — деп хан алдына келеді.
Хан орнынан тұрып: «Міне, шепті бұзған батыр осы!» — деп жар
салды. Кедей батыр қолға түсірген қала бегін дүние-мүлкімен
ханға өткізіп береді.
Бірінші шарт-осы қалаға бектікке сайламақшы болғанда-Кедей
батыр ханға «Дат, тақсыр!» дейді. Хан «датыңды айт» — дегенде: «Аға тұрып іні бек болғаны жараспас, ағам Нарынбайды
сайлаңызшы» — дейді. Хан келісіп Ташкенттің бектігіне Нарынбайды сайлайды.

Екінші шарт бойынша бүкіл қазақ әскерінің қолбасшылығына
Кедей батырды сайлайды, себебі әр жүздің, әр рудың сарбаздары жеке-жеке соғысып, күш біріктіре алмаған көрінеді.
Үшінші шарт бойынша Ташкент бегінің қызы Сұлубикені
басқа айтылымда Қырымханның 40 қызының бірі деп те айтады, некесін қиып, Кедей батырға қосады. Бір жылдан кейін ұл
туып, атын Бірәлі қойыпты. Бірәлі бірге толғанда Кедей батыр
ауырып дүниеден өтіпті. Нарынбай елге хабар беріп, «жесірін
алып қайтсын» депті. Түкінің қартайып қалған кезі екен, інісі
Құлманбетті жібереді. Жыл жүріп Құлманбет жесірін жеке ауыл
етіп қондырады. Сұлубикенің шаңырағына мінгізіп Шектібайдың
әкесін береді. Құлманбет жеңгесі-Түкінің бәйбішесімен келісіп,
Түкінің босағасына малдарының басы көрнектілерін байлап
кетеді. Таңертең мұны көрген Түкі елді жинап, Құлманбетке
келіні Сұлубикені некесін қиып қосады. Жыл уағында ұл тауып,
атын Сатыпалды қояды. Кенжесі — Шақа туған. Бірәлі, Сатыпалды, Шақа жауға шапқанда «Сұлубек» деп ұрандайды екен.

Нарынбай би
Tagged on: