Құлназарұлы Киікбай атамыз 1928 жылы 4 тамыз күні Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қарақұм өңірінде дүниеге келген. Атамыз сұңғақ бойлы, үнемі жинақы жүретін, әр сөзінен азаматтықтың, адамдықтың шындықтың, әділдіктің, адалдықтың еңбекқорлықтың лебі есіп тұратын кісі еді. Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген құрметті ауылшаруашылығы қызметкері атағын Қармақшы ауданында алған екі кісінің біреуі, бірегейі Киікбай Құлназаровтың өз маңдай тері еңбегіне берілген адал баға деп білеміз. Кезінде Киікбай атамыз мал басын үнемі аман сақтап, әр жүз аналыққа шаққанда 120-130 бас төл алып, үнемі жоғарғы көрсеткішке жеткен атақты шопан болды. Киікбай атамыз қарапайым шопан болғанымен, қай жерде болсын, кімнің алдында болсын, елдің,  халықтың сөзін сөйлейтін жоғын жоқтайтын, ақты-ақ, қараны-қара, барды-бар, жоқты-жоқ деп айта алатын еңбек адамы болды. Киікбай атамыз заманында ауданның барлық дәрежедегі басшылары, аупартком, ауатком бюро мүшелерімен бірге егін, мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарға-шешуші мал төлдеу, күріш жинау тағдырлы науқандарына арнайы өкілі етіп бекітілген. Атамыз \”Еңбек Қызыл Ту\” орденімен 3 рет марапатталып, сол еңбегінің арқасында дербес зейнеткер атағын алған. Атамыз 1954 жылы әжеміз Рахметқызы Сәулемен отау құрған, дүниеге 10 бала әкеліп, өсіріп тәрбиелеген. Атамыз Құлназарұлы Киікбай – 2008 жылы 21 қыркүйек күні, 80 жасында дүниеден өткен.

Құлназаров Дүйсенбек

Сыр елінің мақтанышы, даңқты шопан, еңбек ардагері-Құлназарұлы Киікбай
Tagged on: