Бектенов Абат Бектенұлы

          Бектенұы Абат 1949 Атырау облысы Новобогат ауданы Нарын құмы Айбас елді мекенінде Бектен мен Марфуғаның отбасында  дүниеге келғен. Алты жасынан бастап, Айбастағы Абай мектебіне барып,  1966 жылы Чапаев елді мекенінде Максим Горький атындағы орта мектепті бітірді. Алматыдағы  КАЗГУ дегі журналистер тағайындайтын оқуына сынақ тапсырып, іріктеу конкурстан өте алмай елге келіп, мұнай ідестіру «Прикаспиский бұрғылау мұнай іздестіру» мекемесіне бұрғышының көмекшісі болып жұмыс жасайды. 1967жылы жаңадан ашылып жатқан Тюмень қаласындағы «Мұнай кен инистутына» тау-кен инженері мамандығы бойынша оқуға түсіп, екінші курсында оқып жүріп, қайғылы жағдайда қайтыс болады.  Абат жастайынан зерек сабақты жақсы оқыған қоғамдық жұмыстарды атқара жүруімен  қатар құрбыларына сыйлы да бола білген. Жастайынан аудандық, республикалық басылымдарда жиі өлеңдері басылып жүрді. Өзінің табиғат берген таланты арқасында журналистікті қалап, сол оқуға түсуге талпынғанмен оқуға түсе атмағанына өкінішті болды. Ресей қаласында оқып жүрсе де, өлеңдерін әртүрлі тақырыпта жазылған әңгімелерін қазақ елінің басылымы газет журналдарына жіберіп, жарияланып тұрды.

       Тюмень қаласында оқып жүріп, жазған шығармаларын қазақтың заңғар жазушысы Сәбит Мұқановқа хат жазып жіберіп, өзін Алматы қаласындағы  КАЗГУ-ге ауыстыруын сұрайды. Сәбит Мұханов Абатқа хат жазып  «Абат сенің оқып жүргенің қазақ халқына ауадай керек оқу. Жазушы, ақындар Зейін Шашкин  дәрігер, Олжас Сүлейменов, атақты орыстың жазушысы Александр Фатиев  геолог т,б бұл мамандық болашаққа керек  сен оқуыңды жалғастыр деп жауап барген екен. Кейін жазушы інім Самат, Сәбит Мұхановтың архивын қарап, Абаттың жазған хатын таба алмай  тек Сәбиттің «Көмек көрсете алынбады» деп өзінің хатына бұрыштама жазған қағазды ғана көрген екен. Абат қамшының сабындай 20 жыл қысқа өмірінде бір дәптер өлең жинағы қалдырған  еді,  енді соны баспаға әзірлеп шығаруа қолға алынып жатыр.

          1968 ж «Сағынышым Атырау» деген өлең жазған екен. Абаттың сөзіне әуесқой сазгер Гүлайнаш Қапаева Ахметқалиқызы әуен жазып,  Атырау облыстық  радиодан орындалып жүр. Атырау қаласында өткен түрлі конкурстарға қатысып жүлделі орындар алды. Бұл өлеңнің шыққанына 50 жылдан асты.

 

Сағынышым Атырау

 

Армысың, ақ Атырау, кәрі Атырау,

Қойныңда сенің талай сыр жатыр-ау.

Көгіне көкшіл бұйра толқын атып,

Қиялға шомылдырып бір батырады-ау.

 

Қайырмасы:

Сағынышым, армысың, Атырау,

Қойныңда сенің талай сыр жатыр-ау.

 

Армысың, Ақжайықтың асыл елі,

Жеріңде көңілім көлдей тасып еді.

Исатайдай ерлерің өр тұлғалы,

Махамбеттей мінезі жасын еді.

 

Мәрттігімен Атырау мәлім болған,

Батырлары дара еді – жалын болған.

Каспийдің толқынындай сағынышым,

Алыстан мұнартады сағым жалған.

 

Ақжайыққа сағынып, ораламын,

Толқынына соғылып, бала жаным.

Атырауым шақырса алып-ұшып,

Шағаладай шарқ ұрып барады әнім.

 

Абат Бектенұлы.

Тюмень қаласы, 1969 жыл.

 

            Амал нешік тағдырға не шара бар Абат арманына жете алмаса да інісі Самат бүкіл Қазақстанға танымал  журналист, жазушы бірнеше кітаптың авторы, Қазақстанның мәдениет қайреткері,  Қазақстан Журналистер Акедемиясының Акедемигі, үлкен ағасы Мұрат Бектен Исатай ауданның Құрметті азаматы, мұнайшы Құрмет белгісінің  иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, мұнай саласында т,б  тақырыпта бірнеше кітаптің авторы. Абаттың жете алмаған арманына ағасы мен інісі жетіп,  Бектен әулетінен үш бірдей ақын жазушылар шықты деуге болады.

 

Сәуір айы 2020 жыл.

 

Бектенов Абат Бектенұлы
Tagged on: