Жүнісов Әсілхан Тойжанұлы 01. 01. 1949 жылы Шымкент облысы Киров ауданы Большевик елді мекенінде қарапайым шару жанұясында туылды.               Әкесі Жүнісов Тойжан Ұлы Отан Соғысының ардагері, анасы Жүнісова Айымхан колхозда жұмысшы. Бүгінгі таңда ол кісілер өмірден озып кетті.
1954 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза елді мекеніне көшіп жанұясымен келді.
Дарбазадағы №29 орта мектепке 1956 жылы бірінші класқа барып, 1966 жылы 10 класты бітірген. 1968 жылы Алматы мемлекттік медицина институтының емдеу факультетіне түсіп, 1974 жылы бітіріп, 1974-1975 жылы аралығында Шымкенттегі облыстық больницада интернатурадан өтіп, жолдамамен Алғабас ауданы қазіргі Байдыбек ауданы Боралдай ауылдық больницада терапевт болып қызмет бастады.
04.08. 1978 жылы осы Сарыағаш шипажайына дәрігер болып істеп, 1987 жылы бөлім меңгерушілігіне  тағайындалды. Ал 2008 жылдан 2014 жыл аралығында (Бас дәрігер) директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары. Қазіргі таңда бас дәрігердің орынбасары қызметін атқаруда. Жалпы жұмыс өтілі 57жылды құраса соның ішінде дәрігерлік қызметі 49 жылды құрайды. «Сарыағаш» ЕОК ЖШС жұмысын жетілдіруге ұтымды және демалушылар мен емделушілерге  пайдалы емдер мен шипалы ем- шара алуға, санаторлық-курорттық жағдайларда емделудің біріңғай стандарттары мен құжаттамалық хаттамаларын әзірлеуге, санаторлық-курорттық емдеу жағдайында практикалық жұмысқа жас мамандардың бірнеше буындарын дайындауға ат салысып келеді. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттері мен мақсаттарын толықтырып жазып шықты. Сонымен қатар әр маман иелеріне алгоритм мен шипажайда қабылданатын ем түрлерінің ережесін құрастырған. Күндізгі стационар бөлімін ашып, тиісті дәрі-дәрмектермен емдеу тәсілін жолға қойып, клиникалық лаборатория бөлімінде биохимиялық анализатор аппараты арқылы қанның биохимиялық көрсеткіштерін және гематологиялық анализатор аппараты арқылы арнайы қан талдау көрсеткішін жолға қойды.ВЛОК аппараты арқылы қан тазалау әдісін енгізді. Сонымен қатар түзды шахта кабинетін ашты. Физиоаппараттармен  емдеу бөлімінде санитарлық эпидемиолық талаптарға сай күрделі жөндөулерден өткізіп, заманауи физиоаппараттар: андрогин, биоптрон, оттегімен емдеу, оттегі коктейілі, лимфадренаж т. б. аппараттармен емдерді ұсынып жүзеге асырған курортология саласындағы ірі тұлға! 2010 жылдың 18-26 желтоқсан айы аралығында Халықаралық медицина конференциясында Түркі елінің Стамбул және Афион қалаларында «Сарыағаш» шипажайы» туралы лекция оқыған дәрігер Асылхан Тойжанұлына Қазақстан медицина ассоцациясының  «Алтын дәрігер» атағы мен төс белгісі берілді. Қазіргі таңда 2010 жылдан бері ҚР медицина ассоцациясы мүшесі әрі Сарыағаш ауданы бойынша медицина ассоцациясы директоры. ҚР ардақты ардагерлер мен ҚР құрметті азаматы кітаптарына енген тұлға.
Жолдасы Сманова Алмагүл осы шипажайда кітапханашы, бала бақша меңгерушісі  болып қызмет жасады. Қазіргі таңда зейнеткер.
Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп, олардан он екі немере сүйіп отыр. Перзенттерінің барлығы жоғары білімді Астанада, Шымкентте және осы шипажайда қызмет жасайды.
Марапаттары:
1. КПСС ОК, КСРО министрлер кеңесі, Бүкіл одақтық кәсіподақ комитеті, ЛКСМ К мақтау грамотасы-1987жыл.
2. 1989-1994 жылдары коктерек поселкалық советтің халық депутаты.
3. 1999жыл – қазақстан курортар советінң мақтау грамотасы.
4. 2001 жыл қазақстан кәсіподақ комитетінің мақтау грамотасы.
5. 2011 жыл –Алтын дәрігер атағы.
6. 2013 жыл- ОҚО  Еңбек даңқы медалі.
7. 2013жыл –Халықаралық Кәсіподақ даңқ ордені.
8. 2014жыл – ҚР  Еңбек ардагері медалі.
9. 2015 жыл- Ұлттық медицина ассосациясының  AVE VITAE ордені.
10. 2015 жыл- Ұлттық медицина ассосациясының  AVE VITAE медалы.
11. 2021жыл – «қазақстан Республикасы Құрметті азаматы».
12. 2022 жыл Қазақстан Республикасыеың еңбек сіңірген қызметкері.
13.2023 ж.“ Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалінін иегері
14.2023 ж. “ Жаңа Қазақстанның жыл адамы” төс белгісімен және 1 дәрежелі дипломмен марапатталған.

Әсілхан
Tagged on: