Болекбаев Абзал Курбанович

      Мен Болекбаев Абзал Курбанович 1974 жылы 19 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтын төбе елді мекенінде дүниеге келдім. 1981 жылы В.Т.Чкалов атындағы мектептің 1 сыныбына барып, 1991 жылы сол мектептің 10 сыныбын бітірдім. 

     1992 жылы Алматы қаласындағы АФДТИЛИПП технологиялық институтына түсіп, 1998 жылы инженер-технолог мамандығын алып шықтым. 

     1999-2007 жылдар аралығында О.А.О. «Шымкент-Асыл» мекемесінде қойма меңгерушісі қызметін атқардым. 

     2007 жылы Шымкент әлеуметтік педагогикалық унивеситетіне оқуға түсіп, 2009 жылы жоғары білім кәсіптік білім беру мамандығын алдым. 

     2009-2017 жылдар аралығында Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектепте технология пән мұғалімі болып қызмет атқардым.

     2017 жыл қыркүйек айында «Мереке» бөбекжай-балабақшасының негізін қалап, 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін «Мереке» бөбекжай-балалабақшасы құрылтайшы, директоры қызметін атқарудамын.

     ҚР Білім саласына өз үлесімді қосу мақсатында, 2022  жыл тамыз айында «Жас Дарын-4» бастауыш мектебін ашып, жас өспірімдердің білім алуына заманауи, озық үлгідегі жабдықтар мен жабдықталып, қазіргі таңда талапқа сай жұмыс жүргізуде. 

    Жеткен жетістіктері

      «Ұлы дала ұстазы» журналы «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында мақала; 

      Шымкент қаласы білім басқарма басшысы Ж.Тажиевадан Алғыс хат 2021 жыл;                «А.Байтұрсынұлы-Ұлтының Ұлы Ұстазы» атты қалалық семинарда жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін, Шымкент қаласы білім басқармасының м.у.а. Р.Әліштен «Алғыс хат»; 

      Шымкент қаласы білім басқарма басшысы Ж.Тажиевадан «Алғыс хат»; 

      Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Б.Пармановтан «Алғыс хат» 2022 ж; 

      Шымкент қаласы әдістемелік орталық директоры М.Медетбековадан мадақтама 2023ж; 

      Шымкент қаласы білім басқарма басшысы Н.Шамшиевадан Алғыс хат 2023 ж;

      Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаевтан «Құрмет грамота» 2023 жыл.

 

                      

 

Тәрбие тал бесіктен

 

      Ұрпақ тәрбиесі- қай дәуірде болмасын өз сұранысын жоғалтпаған мәселе. Бұл мәселе қазіргі уақытта айрықша мәнге ие. Қазақ халқы үшін ұрпағының жастайынан тәрбиеге бейімделуі аса маңызды болды. Ұрпақ тәрбиесі ұлтымыздың болашағы болғандықтан, бұл салада жұмыс жасап жүрген әрбір маман жас ұрпақ болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек деп түсінемін. Баланы тәрбиелеу- өте ауыр жұмыс. Ұлттық тәрбиені дарыту одан да күрделі. Біздің халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлы мұрасын тәрбие ісіне пайдалану- алдымыздағы нақты міндеттердің бірі. 

      Еліміздің болашағы – ұл -қыздарымызды салт-дәстүрмен сусындатып, Отанын, туған жерін шексіз сүюді және елі үшін қызмет жасап, туған елін қорғауды әрбір азаматтың борышы деп түсіндіруді ұлт алдындағы міндетім деп санаймын. 

      «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», – деп халқының ұлы ойшылына айналған Мағжан Жұмабаев айтқан еді. 

      Болашақ ұрпаққа сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында, аянбай қызмет етуді – азаматтық борышым деп санаймын.  

        Мәлімет Берген: Бөлекбаев Абзал Құрбанович                                                                   

Абзал
Tagged on: