Мұқамбетқали бабамыз Бармақ батырдың әкесі болу керек. Оған дерек КСРО энцеклопедиясында және Қ.Нұршиннің \”Еренші Уақ\” кітабында көрсетілген. туған жері Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы. Жалпы Бармақ батырды жастайынан отан сүйгіштікке, ел қорғауға тәрбиелеген. Мұқамбетқали бабамызда әулиелік қасиеті болу мүмкін. Кейбір деректерде Мұқамбетқали бабамыз Қостанай облысы тумасы да болуы әбден ықтимал. ол туралы Қостанай облысы Қарасу ауданында тұратын Еренші Уактар мекен еткені айғақтайды. Бармақ батыр ер жетіп жастайынан соғыс өнеріне дағдыланып, әулелік қасиеті де осы әкесінен дарығаны болу керек. Кейін Батыр бір оқтық дегендей, Бармақ есейгесін Елін жерін жаудан тазарту үшін көп жорқтарға аттанып, ұлт азаттық күрес жолында өзін көрсетіп, рулы елге ұранға айналғаны бар. осындай деректерден КСРО тарихшылары Бармақтың әкесі Мұхамбетқали деп энцеклопедияға жазып кеткендері бар.  дегенмен нақты шежіре жоқ. егерде Сіздердің тарапыныздан қандай да бір мақала немесе мағлұмат болса beibit_0986@mail.ru жолдауға болады. Қазіргі таңда шежіре ру туралы мағлұмат жинау оңай болмағандықтан накты дөп басып айтуда қиын. Осыған орай осы Тумалас бағдарламасы арқылы материалдар табылады деген үміттеміз. негізінде Уақтар туралы мағлұмата Қытай жазбаларында көп кездеседі. Ал Бармақ батыр туралы мағлұмат Ресейдің Орынбор қаласында мұрағаттында көп. 1750 жылдардан Нарын құмында мекендегі, сол жерде қыз алып өмір сүргендігі туралы көп жазылған. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында дүниеге келген тарих ғылымдарының докторы \”Махамбет Өтемісов\” атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университет профессоры Жәнібек Исмурзиннің зерттелулерінде Орынбор мұрағатынан алынған дерек құжаттар өте көп. 1758 жылы Бармақ батырдың Орынбор қаласына барып сауда жасағаны туралы нақты дерек бар. қандай заттар сатып алғаны, қайда барғаны бәрі жазылған.

 

Мұқамбетқали
Tagged on: