Жетес Мыңбайұлы (1828Қызылорда облысы Арал ауданы — 1914Арал ауданы) — бишешен.

Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Жетес бидің РайымШыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің “Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан” жинағында жазылған.[1][2]

 

ӘңгімелерӨңдеу

Кезінде қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намасын қорғаған, \”кімсің, Жетес би\” атанған жақайым Жетес би әуелі өзін ел-жұртқа таныстырарда:

Арты атам ұлы Шекті, Жібек апам,
Сонан соң Тілеу, Қабақ, ол да бабам.
Бергі атам қойлы Дәкен, Жетес бимін,
Мекенім – Арал, Шалқар, құмды далам… –

деп термелеп алады екен. Атағы бүткіл елге жайылып кеткен, қыз біткеннің сұлуы Қыз Жібектей арудың атын есіткен жұрт \”ә, Шекті елінен шыққан атақты Қыз Жібектің ұрпағы екенсіз ғой\” деп, Жетес биге айрықша құрмет көрсетіпті.

Жетес
Tagged on: