Әлмерек Жаншықұлы – 1658 жылы Әулиеата маңайы( қаз Жамбыл облысы) туған. Батыр, шешен, көріпкел. Қазақ жастарынан жасақ ұйымдастырып, жоңғар басқыншыларына соққы берген.1764 жылдың аяғында Алматы қаласының жанындағы кейіннен Әлмерек қорымы деп аталатын жерде қайтыс болған. Оның өмір сүрген кезеңі жоңғар қалмақтарының жанкешті күресімен тұспа – тұс келеді. Қазақтың аяғымен қан кешіп, ат ауыздығымен су ішкен, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеген қиянкесті жылдарында өмір сүрген Әлмерек өзі қол бастап, қалмақтарды түре қуған батыр., ел қорғаған ер еді. Ереуіл атымен егеулі найзасы қолынан түспей Алматы маңы, Қорам, Шелек, Сөгеті, Бұғыты, Көкбек, Торайғыр, Қулық, Қату, Сарыбастау, Жабыр маңында қалмақтарға ойсырата соққы беріп, өзінің үрім- бұтағын қоныстандырған. Жекпе – жекте неше қалмақ батырына қан жұтқызған, әсіресе қалмақтың атақты қолбасшысы Қалдайдың басын алған батырлығы ел аузында аңыз болып қалған.   Қазақ халқының жадында Әлмеректің есімі көріпкел, әулие ретінде көбірек сақталған.Әлмерек бабадан Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек бата алған.   Бата алған батырдың жолы болып, бата алмағандардың жолы болмаған. Сондықтан да өзінің киесі бар, сөзінің жүйесі бар адамды абыз, әулие атаған .

 

Қазақ халқының жадында Әлмеректің есімі көріпкел әулие ретінде көбірек сақталған. Одан Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек батырлар бата алған. Әлмеректен бес бала болған: Жәнібек, Баба, Құрман, Қаракісі, Тоқан. Ұрпақтарының ішінен елге сыйлы батырлар, би-шешендер шыққан. Жетісу өңіріндегі 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі Ұзақ батыр, атақты күйші Қожеке Назарұлы, классик жазушы Б.Соқпақбаев Құрманнан тараса, ал қалмақтарға қарсы күрескен Байсейіт батыр, Пұсырман би, орыс отаршылдығына қарсы тұрған Тазабек, Жақыпберді, Әубәкір сияқты тұлғалар Әлмеректің үлкен ұлы Жәнібектің тікелей ұрпақтары. Әлмеректің екінші баласы Бабадан – Қашаған, Тұрысбек, Тоқаннан — Баржық батыр, Адыр шешен, кенжесі Қаракісіден Қорам және Бекбау сияқты батырлар шыққан. Әлмерек ұрпақтары Қытайда, Монғолияда, Өзбекстан мен Қырғызстанда да тұрады.

Әлмерек
Tagged on: