Жапаров Қазим, 25 наурыз күні, 1937 жылы Забурын селосы, Ново-богат ауданы, Гурьев облысында дүниеге келді. 1946 жылы Забурын селосындағы Куйбышев атындағы орта мектебіне оқуға қабылданып, мектепті 1956 жылы аяқтады. 1956-1959 жылдары аралығында армия қатарында Зенитно–ракетный техникалық службасында өтті. Запастағы офицер, аға лейтенант. 1959-1961 жылдары Ағаш-бондарный заводында 4 разряд токарь мамандығы бойынша жұмыс жасады. 1961-1964 жылдары аралығында Гурьев мұнай техникумында іштен тұтанатын двигательдер (ДВС) күндізгі бөлімінде оқып техник-механик мамандығын алды. 1964-1976 жылдары аралығында сырттай Мәскеу политтехникалық институтында оқып, одан инженер-механик мамандығын алды. 1964-1980 жылдар аралығында Балық және Мұнай өнеркәсіб салаларында техникалық жұмыс жасады. 1980 жылдан бастап Жанкелдин орта мектебінде еңбек пәнінен мұғалім болып, оқушыларға техникалық (Ағаш, темір, токарь және электротехникалық) сабақ берді. Сабақ берген уақытында керекті техникалық құралдарды пайдалануды үйретті.

Оқыту тәжірбиелерін аудан, облыс және республика көлеміне таратты. 1990 жылы республикалық семинарға, «Деловые игры» және «Мастер золотые руки» атты педагогикалық оқуларына қатысып, осы байқауларда жүлделі орындарға йеленді.

Сонымен қатар Атырау облысында облыс мұғалімдерінің семинарларына қатысып, оларға Жапаров Қазимнің іс-тәжірбиелері таратылды.

«Еңбек сабағының Лекторы» атағын алды. Атырау газет бетіне «Жеткеншектерді еңбекке үйретеміз», «Үйретіп жүрмін өнерімді» және тағы басқа тақырыпта мақалалары жарық көрді.

Мақтау грамоталары:

1962 жылы – 45 октябрь революция;,

1980, 1984, 1991 жылдары – «Творчество юнных – 91»;

1994, 1998 жылдары – «Новатор – рационализатор», Алматы қаласы;

2002 жылы – «Рационализатор техники», Алматы қаласы, 4 орын.|

1988 жылы «Ветеран труда»

1992 жылы білім беру саласында «Қазақстан республикасының білім беру ісінің үздігі» белгілері берілді.

1999 жылдан бастап зейнеткер пенсиясы тағайындалды.

2017 жылы 11 маусымда дүниеден озды

Қазим
Tagged on: