Ағам, бауырым Серік Сұрашев туралы бір үзік сыр.

 

    Жасы 59-ға қараған шағында белгілі өнерпаз, үлкен фестивалдардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жаны жайсаң жан Серік Сұрашев дүниеден өтті.

  Серік Сурашев 1946 жылы Жақсылық ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітірген соң еңбек жолын механизатор болып бастады. Сайын далада трактор рулінде отырып əн салатын талапты жас кейін біржола осы салаға бет бұрды. Өсіп келе жатқан ұл-қыздарын жастайынан өнерге баулыды. Осының арқасында Серік Сұрашев Жамбыл облысы аумағында алғашқылардың бірі болып отбасылық ансамбль үйымдастырды. Отбасылық ансамбль Атырауда өткен Жастар фестивалінің жүлдегері, 1985 – 1986 жылдары Халық творчестволық  I – II  фестивалінің лауреаты, 1991 жылы Украина Республикасының Хмельницкий қаласында өткен Бүкілодақтық отбасылық ансамблдердің байқауында лауреат атанды.

       1993 жылы \”Тамаша\” ойын-сауық алтауына екінші рет қатысып, көрермендер алғысын бөлінеді. 2001 жылы өздерінің \”Халықтық\”  атағына 15 жыл толуына орай орталық алаңда үлкен есептік концерт көрсетті.

  Үлкен отбасының отағасы, ауданның мәдени өміріне белсене қатысушы, жүрегі үлкен, жаны жайсаң бауырымыздың жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталады.

 

Мақала авторы: Сұраш Ұзақбай Арапбайұлы

 

Поштасы  24122019n@gmail.com

Тоғыс
Tagged on: