Батырбек РысбекұлыБатырбек датқаБатырбек қажы (1795, қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданыКүреңбел ауылы маңындағы “Датқа саз” мекені – 1885, сонда) – белгілі тарихи тұлғаҰлы жүз Дулат ішіндегі Сиқым тармағынан шыққан.

Әкесі Рысбек батыр жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен. Қыстауы, жаз жайлауы – Жуалыдағы Бөкей тауының етегінде қазір “Батырбек сазы” деп аталатын орманды алқап. Батырбек өз дәуірінде Жуалы, Оңтүстік ТүлкібасСайрам аумағына, Шымкент төңірегіне билік жүргізген. БайзақСапақ датқалармен сыйлас, дос болып, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген, Кенесары бастаған көтеріліске қолдау көрсеткен. 1860 жылдардағы Орыс патшалығымен болған соғыстардың барлығына ұлдарымен бірге қатысқан. 1860 ж. Ұзынағаш шайқасына қатысты. Бұл кездері датқа қарт еді. Ұызнағаш, Әулие ата, Шымкент, МанкентТашкент түбінде болған соғыстардың барлығына Сыздық сұлтан әскерінің құрамында оның ұлдары қатысты. 

Сондай-ақ олар халықты бірлікке, татулыққа үндеп, отырықшылыққа үйреткен, канал қаздырып, суландыру жүйесін енгізген. 1863 жылы Батырбекке полковник М.Г. Черняев пен Шоқан Уәлиханов арнайы жолығып, Оңтүстік өңірді қоқандықтардан азат ету жөнінде пікірлескен. Осы соғыс кезінде ол алдын ала қам жасап, халықты қырғыннан аман алып қалды. Батырбек Құнанбай ӨскенбайұлыМұса ШорманұлыШыңғыс Уәлиханов, Андамас, Мырқы, Нұрпейіс, т.б. белгілі адамдармен таныс-біліс, құдандалы болған. Өзінің қыстауының жанынан үлкен мешіт салдырып, жанынан медресе тұрғызды. 1874 жылы Меккеге қажылыққа барып, Қасымбек датқа, Құнанбай, Аңдамас, Мырқы, Нұрпейістермен бірігіп, 3 тәккия(қонақ үй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдыртқан.

Батырбектің кіндігінен 11 ұл, 5 қыз тараған. Батырбекті кезінде ШөжеМайлықожаМәделі ақындар мадақтап, жырға қосқан. Оның қайраткерлігі, ерлік істері жазушылар С.Бақбергеновтың “Алтын құс”, Ә.Жылқышиевтің “Дауылдан кейінгі жорық”, М.Қалдыбайұлының “Бәйдібек баба арманы”, А.Өтеуліұлының “Сиқым шежіресі” атты кітаптарында айтылады. Денесі өзі салдырған мешітінің жанына қойылып, басына үлкен күмбез тұрғызылған. Басына халық келіп зиярат жасайды. Ұрпақтары негізінен Оңтүстік өңірдің Жуалы, ТаласТүлкібасБәйдібекСайрам аудандарында тұрады.

Батырбек датқа
Tagged on: