Әріпбай атамыз бәрі Ағаларының өлімінен естерін жия алмай қалғанда үйдің үлкені ретінде  атамыз Исабай баласы яғни інісі Әшірбайға інілері Серікбай Жаңабай жесір қалған Зейне жеңгесіне Тәжі әжемізді медеу тұтып қамқор болған екен. 

Бірер жыл өткен соң Әріпбай атамыз Құлбайымбеттің руының қызы Мейіркүлге үйленеді. Әріпбай атамыз жас кезінен еті тірі және өз уақытысында жауырыны жерге тимеген балуан шымыр болып өсіпті.Той томалақтардағы күрестерде бәйгені ешкімге бермепті, көкпар шабуда да алдына жан салмайтын болған екен. Совет үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған жылдары Хрущевтің тұсында ауылдағы тұрғындарға 5 қой 1 сиырдан артық мал ұстауға болмайды деген заңына қарамай. Жақсы көкпар шабатын атын тығып ұстап баққан екен. Ал қырғи, қаршыға деген құстарды бір бөлмеде ұстап баққанын ұлдары Қостанай, Ерқосай айтып әңгімелеп отыратын.Әсіресе 1922 ашаршылық жылдары елдегі байларды қудалап, кейбір жазықсыз адамдарды ашықтан ашық жала жабылып атылып кетіп немесе сотталып сібірге айдалып кетіп жатқан кезі болған. Сол кезде Әріпбайдың қайынағасы Күзенбай Асылбеков Алматыда военный училищені бітіріп келіп Шымкентте НКВД-да түрме басшысы болып істтеп жүрген жерінен осы жазықсыз жала жабылып сотталып атылып жатқандарға ара түсіп сөйлегені үшін ғана сотталып сібірге айдалған екен.Содан Әріпбай кісі қамқорлығындағы үлкен жанұяға жалғыз қалған енесі Қойлық апаны да алып келіп қараған екен.Артық нәрсе болса тартып алатын ашаршылық кезінде өңірге емшілік қызметімен аты танылған Тәжі апамыздың абыройы да біршама қорғаныш болған екен. Әріпбай атамыз егіндеріне түскен өнімін, сүрлерін.тіміскілеген жендеттерден қорғау үшін қарт Тәжі апамыздың төсегінің астынан ұра қазып сонда жасырған екен. Түн болғанда төсектің астындағы дәндерді талқандап сүрлерімен қосып шала-құла пісіріп беріп жүрек жалғатып айналада аштық болып тұрған заманда өз қамқорлығындағы жандарды аман алып шыққан екен.

  

  Қазақ халқы қашанда мейірімді кең пейілімен елге келген қаншама өзге ұлт өкілдерін әлпештеп,ауруларын емдеп,сауларын үйді үйге бөліп алып,асырады.Сол келгендерден Әріпбай атамыздың еншісіне ағайынды Қаріп, Шәріп деген қісілер түседі. Әріпбай әулетіндегі іске жарайтын інілерін ұйымдастырып бастарына баспана соғып береді де,өзінің екі ешкісінің бірін сауып ішуге Қаріптің есігінің алдына байлап кетеді. Осы көрсеткен қамқорлықтарының құрметіне Шәріп бір баласының атын Әріпбай атамыздың есімімен -Әріпбай деп қояды

 

  Қайынағасы Күзенбай колхоздастыру кезеңдерінде сібірден аман есен жазасын өтеп келген болатын. Және ол жоғарыдан осы жерге уәкіл болып колхоздасыру жұмысына атсалыса бастайды. Ол ауылдың толық сумен қамтылуға ынғайлы болу үшін Қайнарбұлақ өзенінен канал қаздыруды бастайды. Ал колхозды сол канал бойымен Пошан датқа диірменінің тұсына орналастыруды жобалайды.Бұл жобаны қолдамаған сол кездегі атқамінерлер бұл адам “халық жауы” колхоздастыру жұмысына кедергі келтіріп жатыр деп екі үш адам қол қойып жоғарыға шағымданып соттатып жібереді. Күзембай кісі Қостанай қаласында қамақта жатқанда Әріпбай мен қарындасы Мейіркүлдін тұңғыш ұлы дүниеге келеді Күзембай кісінің айтуы бойынша баласының есімін Қостанай қаласының атымен Қостанай деп қойған екен.Әріпбайдың өз кіндігінен төрт ұл және екі қыз тараған. Олар Қостанай,Ерқосай,Досай,Сапарбай деген ұлдар және Райза Ақжолтай деген қыздар. Сонымен қатар қайынағасының қызы Айшолпанды да өз қызы етіп асырап алған екен.  

   Әулет шежіресін көзі тірі әулет үлкендерінен жинастырғанда Әріпбай қызы Ақжолтай әпкенің  естіген әңгімелері мен деректері көп пайдасын тигізді. Ол кісі жоғары білімді талай жыл облыс орталығындағы мектептерде ұстаздық қызмет атқарған.Сондықтан үлкендерден әсіресе Күләй апасынан(ол кісі де көзі ашық адам болған екен)естіп білгендерін әрқашан қағазға түртіп жүрген екен.               

     Сонымен қатар Әріпбай жалғыз қарындасы Күләйдің ұлы Орынтайды да әкесі бай(кулак) болып ұсталып кеткен соң өз қамқорлығына алған екен. Әріпбай кісі көкпар, күрес, саятшы өнерінен басқа темір ұстасы және етік,мәсі тігетін де қолөнершілігі бар болған.Колхозда ұсталық жұмыстары осы кісіге байланысты болғандықтан соғыс уақытында басшылықтың ұйғарымымен тылдың белсенді жұмысшысы болып елде қалған екен.. Ал соңынан ерген Дүйсенбай ағасының ұлы Орынбай, Йсабай ағасының ұлы Әшірбай және Жаңабай соғысқа алынады. 

Әріпбай
Tagged on: