Арғын-Мейрамсопы-Болатқожа (Қаракесек)-Таңай-Сазанбай-Еспай ұрпағы

Олжатай Қазанғапұлы 1945 жылы 2 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды кеңшарына қарамағындағы Қызылқой ауылында дүниеге келді. 1944 жылы әкесі соғыстан келген соң туғандықтан-Олжа деп, Олжатай деп қойған есімін. 1961 жылы Қарағанды қаласында №2 мектеп-интернатынан орта білім алған. Қарағанды қаласындағы  47 шахтада күндіз жұмыс істеп, кешке Киров ауданының әскери коммисариаты арқылы шопырлық курсты тәмамдап, Нұраталды совхозына шопыр болып орналасты. 1964 жылдан 1967 жылға дейін  Ресейдің ғарыш айлағы Плисецк қаласында үш жыл жүргізуші болып,  Отан алдындағы әскери міндетін атқарды. Елге келген соң 1976 жылға дейін шопыр болып еңбек етті.  1976 жылдың наурызынан бастап Қызылқой ауылында бөлімше меңгерушісі болды. 1987 жылы демократиялық негізде, баламалы түрде, Шет ауданына қарасты Дария кеншарына директор болып сайланды. Бұл сол кездегі бүкіл Жезқазған облысы бойынша бірінші рет және ақырғы рет-бөлімше меңгерушісінің тікелей директор болуы еді. Еліміз тәуелсіздік алып, жекешелендіру науқаны басталғанда, 1991 жылы соқыр шегі жарылып, 6 ай ауруханада жатып, өз еркімен директорлық қызметтен босап, өзінің туған ауылына қоныс аударады. Осы жылдары ауылдастарының қалауымен «Қызылқой»  шаруа қожалығының жетекшісі болып сайланады. Аталған қызметті 2000 жылдардың ортасына дейін басқара жүріп, кіндік қаны тамған өз ауылын басқарған жылдары экономикалық тұрғыдан басқа, ауыл көрікіне, мектеп, мәдени ошақтардың  өз мәнінде жұмыс жасауына көп көңіл бөлді.

Сол жылдары Қызылқой ауылында көптеген құрылыс нысандары бой көтерді. Атап айтсақ: дүкен, клуб, монша, асхана, почта, тұрмыстық комбинат, бала бақша, радио торабы, кітапхана және осы мекемелерді бір қазандықтан жылыту үшін,  қазандық орталығын салып, осы мекемелерді жылыту құбырларымен жалғастырды. Бәрінен де қазір ауылға көрік беріп тұрған екпе ағаштарды өзі оқыған  Мичурин совхоз-техникумынан келісіп алып, әрбір жаңадан салған үйге, мекемелерге ағаш көшеттерін әкеліп отырғыздыртты.      Дария елді мекенің басқарған жылдары жергілікті халықтың сенімін атқара жүріп: Байғара өзеніне көпір салды, монша, жабық автотұрақ, 2 шақырым су құбырын тарту, азық цехын салу,астық қоймасын, бұзау үйін салып, көшені  жөндеп тұрғындар ырзалығына бөленді. Олжатай Қазанғапұлы ауыл тізгінін  ұстаған кездері «Қызылқой» бөлімшесінде  26 мың гектар жер, 4 мың бас ірі қара, 5 мың гектар егіс алқабына дәнді дақылдар егілетін.

Еліне сіңірген өлшеусіз еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Осы жылдары:

2 рет «Ерең еңбегі үшін» , «Тың астығын игеруге 10 жыл», әскер қатарында жүріп, «Жеңістің 20 жылдығы» медальдарымен, 1999 жылы  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасының «Қуаң жерлерді  қалыпына келтірк, игеру» бағдарламасын  орындау жолында 3754 жерге еркек шөп (житняк) егіп, жусан басқан егістік жерлерді қалпына  келтіргені үшін «Қоршаған ортаны қорғау» министрлігінің құрмет грамотасымен 3 мәрте марапатталды. Осындай ел басқарып, еңбек ете жүріп, білімін жетілдіру жолында:

  1. Мичурин совхоз-техникумын (техник-механик);
  2. Целиноград ауыл шаруашылық институтын (зоотехник);
  3. Мәскеудің білім жетілдіру институтын (Экономика және ауылшаруашылық ұйымдастыру факультетін) тәмамдады.

 Бөлімше меңгерушісі болып, шаруа қожалығын басқара жүріп, өзінің туған ауылын 30 жыл басқарды (14 жыл бөлімше меңгерушісі, 16 жыл шаруа қожалық жетекшісі).

Бүгінде әкесінің ауыл шаруашылығы саласындағы  ерең ісің үлкен ұлы Разуан Қазанғапов Қызылқой шаруа қожалығы кооперативін басқарып, абыроймен жалғастырып келе жатыр.

Туып өскен жерінің алтын бесігі екенің дәлелдеп, осы ауылда Нұра, Құрөзек, бойындаәкесінің бабалары Есбай, Жарбай, Бөде, Серіктердің ізі жатқанын, солардың артында қалған өзінің ұрпақтары: Разуан, Зәйлүн, Динара, Мерей, Сая, Балауса, Мейірім, Аида, Нұргүл, Арай, Адия, Мағжан, Аль-мансур, Айзере өсіп-өніп ер жетіп, аталарының жақсы атын шығаруға бар жандарын салады деп тілеулеспіз.  

 

 

Олжатай Қазанғапұлы Қазанғапов.
Tagged on: