Назар

ЖОЛЖАНОВ (ЖОЛЖАН) САЙРАН УӘЛИҰЛЫ

Арғын-Алтай-Мойын-Сарша-Қараке-Тоқбура-Сейіт ұрпағы

1948 жылы 30 қазанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген.

Қарағанды қаласындағы №2 мектеп-интернатты бітірген соң, 1970-1975 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған. Оны тамамдаған соң жолдамамен сол кездегі Жезқазған облысы, Шет ауданының Нұраталды әкімшілік кеңесіне қарасты №4 Қызылқой бөлімшесіндегі 8 жылдық мектепте тарих пәнінің  мұғалімі болып, еңбек жолын бастаған.

1975-1998 жылдары Қызылқой орта мектебінде табан аудармастан 23 жылпедагогикалық қызметті абыроймен атқарды. Орта білім ордасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.

1986 жылы Желтоқсан көтерлісіне байланысты Сайран Уәлиұлының үстінен Шет аудандық «Ильич туы» газетіне жалған жала мақала жазылып, мектепте идеологиялық жұмысты дұрыс өткізбеді деген желеумен жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

Үй болып, отбасы құрып, перзент сүйіп, өмірдің қиын да қызықты сәттерін басынан кешіп, саналы ғұмырында еңбегімен ерінбей, адалдығымен танылған азаматтың бірі-Сайран Уәлиұлы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Қызылқой орта мектебінің оқу және тәрбие істері жөніндегі  орынбасары болып, оқу-тәрбие үрдісінде қазақ ұлтының намысын, рухын жаңғыртқан іс-шаралардың жиі өткізілуіне мұрындық болды.

1998-2011 жылдары зейнет демалысына шыққанға дейін Қарағандының Майқұдық тұрғын аймағында орналасқан №3 мектеп интернатында ұстаздық қызмет жасады.

Сайран Уәлиұлы 2017 жылы 4 тамызда 69 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

, Сайран туралы мақала енгізудесіз

Сайран Уәлиұлы Жолжанов.
Tagged on: