1950 жылдардың бас кезінде алғашқылардың бірі болып шоферлік курсты бітірушілердің қатарында Қанатбай Тасболатұлы да болды. Техниканы меңгеруге құмарлығы бар жас маман сол кездегі Маңғыстау түбегіне келіп жүрген барлау-іздестіру кеңсесіне шофер болып жұмысқа орналасады. 1952-1956 жылдары бұл мекеме түбектің әр қиырын шарлап, алғашкы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Солардың тобында Тасболатұлы Қанатбай да болып, өлкеміздің болашақта ашылатын байлағын іздестіруге қатысады. Барлау-бұрғылау партиясында Тубіжік, Құсайын деген жерлерде болып, барлау жұмысына үлесін қоса білді.

1957 жылы \”Маңғыстаумұнайгаз барлау\” тресі құрылған кезде ол шофер болып қабылданып, жаңа алаңдарды іздеп-барлауга қатысады. Жетібай аймағындағы Тарлы жерінде жұмыс істейді. Сол жылдары геологиялық іздестіру кеңсесіне 5 дәрежелі бұрғылау слесары болып қабылданып, жаңа салаға маманданғандығын аңғарамыз. Міне, сол жылдардан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмір жолын барлау-бұрғылау жұмыстарына арнайды. 1959-1960 жылдардын өзінде-ақ бұрғылау саласының моторисі, машинисі мамандықтарын игереді. Осы бағытта тәжірибелі маман иесі болып калыптасады.

1958 жылдан бастап бұрғылау іздестіру партиясының құрамында бұрғышы болып,Өзен кенорынын барлап бұрғылауға қатысады.Сол жылдардағы табиғаттың қатал сынына төтеп беріп, қыстың қарлы бораны мен жаздын шаң аралас ыссы аптабына төзе білді. Бұрғылау жабдықтары мен азық-түліктің жетіспеушілігіне қарамастан еңбекке деген кұлшыныс сезімін бәсеңдетпейді.

Осындай азаматтардың алдында бір ғана мақсат болды. Ол-Өзен кенорнындағы мұнай, газ көздерін ашып, халық игілігіне жарату. Сондықтан да өндіріс жабдықтарының жетіспеушілігі мен табиғаттың қатал сынына шыдамдылық көрсетуге тура келді.

1960 жылдары скважиналарды байқау және сынау кеңсесінде жұмыс жасай жүріп, Өзен мұнай цехындағы бұрғышылық жұмысын жалғастыра береді. 1960 жылы Ғ.Абдразақовтың \”К-18\” скважинасынан газ фонтаны атқан кезде оның құрамында Қанатбай Тасболатұлы да бар еді. Бұл – үлкен тарихи оқиға болды. Осы алаңда газ бен мұнай көздерінің мол екендігі жан-жақты айқындалды. Осындай байлық көзін алғашқы ашқандардың тобында Дүмбай Өтебергенов, Нәсіпқали Алмағанбетов, Зейнолла Исқақов, Зинор Құлбеков, Ұзаққали Қанатов сияқты азамат жігіттер болды. Осы жігіттерді ұйымдастырып басқарған Мұрат Қайырлиев бастаған барлау партиясы еді.Бұған да міне, қырық жылдан астам уакыт өтті.

Қанатбай Тасболатұлы 1962-1963 жылдары \”А-50\” бұрғылау қондырғысында бұрғышы, аға бұрғышы болып жұмыс істеді. Осы бағыттагы еңбек жолдары ұзак мерзімге созылып, Өзен кенорнын игеруде әр түрлі алаңдарда тер төкті. Өзен геологиялык барлау экспедициясында, \”Манғыстаумұнай\” бірлестігіне қарасты Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында барлау-бұрғылау және пайдалану скважиналарында бұрғышы және аға бұрғышы боп жұмыс жасап, кенорынды игеруге толықтай үлес косты. Бұл жұмысын сексенінші жылдардың ішінде Маңғыстау барлау бұрғылау басқармасында жоғарғы дәрежелі бұрғышы боп жалғастырды.

Маңғыстау байлығын игеруде 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен Қанатбай Тасболатұлы әлденеше рет бағалы сыйлықтар мен Мақтау қағаздарына ие болды. 1966 жылы \”КСРО мұнай өнеркөсібінің үздігі\” белгісін алса, 1970 жылы юбилейлік медаль мен марапатталып, элденеше рет \”Социалистік жарыс жеңімпазы\” атты төстік белгілерге ие болды. 1971 жылы КСРО Жоғарғы Кеңестік Жарлығымен \”Еңбек Қызыл Ту\” орденімен марапатталды, 1974 жылы Бүкілодақтық көрмеде қола медальға ие болды

Геологиялық барлау және пайдалану бұрғылау саласында ұзақ жылдар бойынша еңбек еткен ардагер бұрғышы 1990 жылы зейнеткерлікке шықты. Осы бағытта өзімен бірге болып, түбек байлығын игеруге белсене катысқан зайыбы Қансұлу Депованың қоскан үлесі мол. зейнеткерлікке шыққанға дейін мұнай өндіру операторы болып еңбек етіп, Өзен кенорнын игеруге қатысты.

Қанатбай
Tagged on: