АСАН БАТЫР ТАЙПАСЫ
Асан батырдың жүбайы Мақпал шешеміз текті, тəрбиелі, ақыл- ды, парасатты адам болтан екен дейді. Қазіргі \”Қамыстыбас\” темір жолы бекетінің қасындағы \”Ақирек\” алқабьшың бір бөлік көлі сол шешеміздщ атымен \”Мақпал көл\” атаныпты. Асан батыр Жалаңтөс батырмен тұстас ғүмыр кешкен, Жоңғар қалмақтарымен соғысқа қатысқан. Жақайым атамыз асқан бай болған екен. Бір жылы қал- мақтар барымталап Жақайымның жылқыларьш қуьш айдап алып кетіпті. Олардың ізінен Асан батыр бастаган топ қуып жетіп, қал- мақтарды көп шығынға үшыратьт, жылқыларын қайырьш алады, бірақ Асанның өзі жиырма үш жасында сол соғысга шейіт болып- ты. Алла аузына салып, алдын болжағандай, ол соғысқа аттанар алдында: — \”Жүбайым Мақпал екіқабат еді, егер осы соғыстан келмей қалсам, \”Түс көрдім\”, атым өшпесін, Мақпал үл туса атын Асан деп қойындар,\” – деп, өсиет қалдырып кетіпті дейді. Айтқанын- дай Мақпал шешеміз үл туып атьгн қайтадан Асан деп қойыпты. Кейін бір баласымен (Асан) жесір қалған Мақпалды немере қай- нысы Қөгістің баласы Көлімбетке некелеп қосыпты. Мақпал əжеміз Көлімбеттен Айтымбет, Дандай, Баселек, Бозтай деген төрт үлды болыпты. Асан мен Көлімбет үрпақтары шешелес — Мақпал əжемізден туып тараған еді дейді.
Əкеден жетім Асан да ер жетіп, батыр жігіт болып өсіпті, үш əйел алып, онан тоғыз арыс Асан тайпасының үрпақтары тараған. Үрпақтарының үраны \”Сартай\”. 98
Асан -> Тоқбике бəйбішесінен — Күнбибі (қыз), Түктібай, Олжа, Баққара, Қодас, Шағыр, Шарипа (Қалдыбике) тоқа- лынан — Шатырқүл, Қосқүлақ, Қалмақ қызы Дəулет- бике тоқалынан — Кілен, Келіс. Бір қыз, тоғыз үлы бо- лыпты.
Дəулетім болсын деп осы əйелін Дəулетбике атаған дейді. Сонымен Тоқбике əжемізден тараған үрпақтар \”Бес бəйбіше Асан\” тайпасы атанған, ал екі тоқалынан туған төрт үлдан тара- ған үрпақтар \”Төрт тоқал Асан\” тайпасы атанған. Оның ішінде Дəулетбике шешемізден туған екі үлдан (Кілен, Келіс) тараған үрпақтар шешеміздің атымен \”Дəулет Асан\” атанды. Дəулетбике жаудан əкелген қалмақ қызы еді. Дəулетбике деп ат қойыпты.
Баққарадан Қарамойын деген бір үл болған. Ол туыстары- на өкпелеген Бухара жағына көшіп кеткен. Үрпағы белгісіз, хабарсыз кеткен.
Күнбибі апамыз Асанның үлкені еді. Отарбай мен Қүбаның үрпақтары осы апамыздан туған жиендерден тараған үрпақтар, \”Марқадам\” тайпасы болып қалыптасты. Мүның өзіндік бір ше- жіре тарихы бар. Оны білетін адамдар қазір жоқ. Осы тарих- шежірені тірі кезінде Ақназарүлы Қүрманияз ағамыз жазып қалдырыпты. Ол ағамызда көнеден қалған шежіре-кітап болып- ты. Сол шежіре бойынша Қалилаүлы Жантеке қүрастырып жазған шежірені мен арнайы Ақтау қаласына барып Жантеке- ден сүрап алып жазып отырмын.
— Қызылорда облысының Арал ауданы \”Райым\” елді мекені- нің (Райым бекінісінің) Сырдария жағындағы көпір салынған өзектің жар қабағының үстінде \”Марқадам\” тайпасынан тара- ған үрпақтардың көне қорымы (мазары) бар болатын – деп бас- тапты əңгімесін сол кезде Елмүратүлы Ақназар баласы Қүрма- ниязға. Бір күні Ақназар келе жатып кездейсоқ сол мазар ішін- дегі бір көне қабірдің қүлаған жерінің арасынан кірпіш көріпті. Ақназар ауылға келген соң көргенін əкесі Елмүратқа айтып \”қабір кімдіқі?\” деп сүраса, əкесі: \”Ол қабір осыдан шамамен екі жүз жылдай бүрын ғүмыр кешкен, араб елінде оқып білім алған, бірнеше елдің тілін білетін, адамзаттың тарих-шежіресін жəне бірнеше мемлекеттің əдеп-ғүрпымен тарихын зерттеп ше- жіре жазған ғүлама, өзі жүз он жыл жасаған Мəделі деген ата- мыздың қабірі\” – депті. Ол өлер алдында: — Менің жазған шежі- ремнің көшірмесін өздерің алып қалып, түп нұсқасын басыма жастап менімен қоса көміңдер, – деп өсиет айтып кетіпті дейді. Келесі күні барып қабірдің қүлаған жерін қазса бір сандықша шығыпты. Сандықшанын қақпағында \”Кезбенің қазынасы\” де- ген жазуы бар екен дейді. Ішінен былғары мүқабалы бір үлкен қолжазба кітап, екі бəкі (пышақ), үш қауырсын қалам, бір кішке- не қайшы, бір кішкене қысқыш (танаудың жүнін жүлуға арнал- ған), қүлақ пен тісті тазалайтын жəне тырнақ алатын қүралдар, бір сиясауыт, екі ілгек, бір ине т.б. майда заттар шығыпты. Кітап- тың əрбір парағы тікесінен үшке бөлініп жазылыпты. Оқып көр- се — бірінші бөлімі араб, екінші бөлімі парсы, үшінші бөлімі
Асан Батыр