Ұраны – Уа-Ханымбике! Таңбасы – жебе.

1740-1743 жылдары қалмақтар Еділ мен Жайық арасындағы ел тыныштығын бұза берген соң, Торғайуыт қалмақтарына батыс аймақтың ержүрек жігіттері қолға қару алып, 40 жігіт ұрысқа шығады. Олар \”40 батыр\” деп аталған. Қалмақтардың талабы бойынша, екі жақтан бір-бір адамнан жекпе-жек ұрыс қылу шарты орындалды. Сол кезде Кенжеғара 19 жаста үйленген ең жасы екен.\”Уа, ағалар! Бәріңнің балашаған бар, кезекті маған беріндер\” – депті. Қол бастаушысы және басқалары болып кезегін берді. Жекпе-жек ұзақ жүріп, қалмақтардың ұтылуына соғыпты. Қалмақ жасақшыларының осыдан кейін көбіне жеңіліс табуына тура келген. Кенжеғара жекпе-жекте ауыр жарақаттанады. Шешесі Ханымбике хабарды естіп, \”Бас сүйегі аман болса игі, жылында жеріген балам еді\” – деген сөзі халық жадында сақталған.

Кенжеғара – 1796 қоян жылы – Байғұтты өңірінде қуаңшылық болуына сәйкес, малды аман алып қалу үшін Қамыс Самар өңірінде қыстатып, елге бағыттап келе жатырғанда қатты сырқаттанып өсиет етеді: \”Мен, ұзамай бұл дүниеден өтермін, топырақтың бұйырған жерінен үйімді тұрғызып, елге сонан соң аттанарсындар\”, депті. Қасындағы балалары мен малшылары айтқанын орындап \”Қоңырқұдық\” деген жерге жерлейді. \”Кенжеғара шошақ моласы\” деп аталды.

Кенжеғара 3 әйел алған. Олардан 8 бала көрген. Оның 1-ші әйелінен – Сарыбөпе, Тығанақ, Қарағұл; 2-ші әйелінен – Сатыбалды, Қаратай, Сатай; 3-ші әйелінен – Кененбай, Егінбай(Еленбай).

Тана Сүгір Мырзалыұлы жырауы бірде: Сұлтансыйық ішінде, үштаңбалы Алаша. Алашаның ішінде, Аталық пен Қазыбек, Кіреуке тонның жағасы. Шәй ішіп, шекер шайнаған, Салтанатты жан еді. Кенжеғара баласы Сатыбалды, Сарыбөпе, Сатай сынды батырдан Қазақтың ерлігі өтпеген. Жау дегенде айнымайд, Көкірегінің санасы. Сарықожа мен Құтқожа, – дейді.

Кенжеғара
Tagged on: