ИБАДУЛЛАҰЛЫ АПСАМАТ.
1949 жылы 7 наурызда қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылында дүниеге келген. 1958-69 жылдары қазіргі Ө. Жамалов (Чкалов) атындағы орта мектепте білім алған. 1969-72 жылдары Алтынтөбе совхозында құрылыс жұмыстарында қатардағы қарапайым жумысшыдан уйымдастырушы қызметіне деиін көтерілген. 1971 жылы партия қатарына өткен. 1972-74 жылдары Москва қаласында әскери қызметте болған. 1974-76 жылдары Алтынтөбе совхозында құрылыс жұмыстарында еңбек еткен. 1976-83 жылдары Қазығұрт ауданы Күйік совхозында шопан, аға шопан болып істеді. 1983-97 жылдары Алтынтөбе совхозында аға шопан, аудан, облыс жүлдегері атанған. Аудан мәслихатына делегат ретінде қатысып, марапатталған. 2006 жылы 7 наурызда өмірден озды. Ұрпақтары Алтынтөбе ауылында тұрады.
Мақаланы берген ИБАДУЛЛАҰЛЫ АПСАМАТ.

Апсамат
Tagged on: