Әлшекей Бектібайұлы (1847, қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы –1932ТәжікстанДушанбе облысы Қорғантөбе ауданы Жауан қыстағы) – күйші.

Қоңырат тайпасы Құрбан атадан тарайтын Киікші руынан шыққан.[1] Әлшекей күйшілік өнерді нағашы атасы Рүстемнен үйренген. 1930 ж. Тәжікстанға көшіп барған. Әлшекей 50 -ден астам күй шығарған. Оларды И.Өткелбаев, Ж.Нұрмақов және өзінің баласы Дәнебек сияқты күйшілер кейінгі ұрпаққа жеткізген. Әлшекейдің \”Тоқырау\”, \”Нарсоққан\”, \”Егес\”, \”Терісқақпай\”, \”Толқын\”, \”Аққу кеткен\”, \”Тепең көк\”, \”Қара жорға\”, \”Адасқан қаз\”, \”Отарба\”, \”Айшамен алты тартыс\”, \”Бөпемен тартыс\”, \”Егілген\”, \”Бәйге\”, \”Тай қуу\”, т.б. ел арасында сақталған күйлері бар. Халық ақыны Манап Көкенұлы осы аталған күйлердің шығу тарихын айтып, таспаға жаздырған. Әлшекейдің күйлері қазіргі домбырашылардың репертуарына енген, оркестрге түсірілген.[2]

Әлшекей
Tagged on: