Шынқожа Базарқұлұлы  (1706, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы – 1770, Қырғыз Республикасы, Нарын облысы) – аға батыр. 

Найман елінің, Тума руының ұранына айналған батырдың жоңғарларға қарсы соғыстарда атағы шыққан. Жекпе-жек сайысында талай мықты жоңғар батырларын жеңген, бір шайқаста бірінен кейін бірін сегіз батырды жеңгені бар. Қабанбай жасақтарымен тізе қосып Аңырақай, Қалба, Алакөл сайыстарына қатысқан. Қалмақ ханы «Шыңғожаның басын әкелгенге, соның басындай алтын беремін» деген екен.

Қожакелді, Ерназар батырлар, рудың ұлы қариялар мен игі жақсыларын жинап алып: «Біз қартайдық. Туманың туын кім ұстайды. Кімге тапсырамыз?» дейді. Жиын топтың ішінен бір жігіт Қожакелді батырдың алдына келіп: «Уа, батыр аға, өзіңізбен бірге Төлендіқараның үйінде түстенгенімізде, Жаманкөзден қалған Шыңқожа деген бір жанып тұрған баланы көріп едік қой! Атымызды байлап, есік ашып, қолға су құйып, орамал ұсынып жүрген сол баланың бітімі бөлек, адамның қарай бергісі келетіндей бала еді. Сіздің туыңызды ұстауға сол лайық!», – дейді.

Қожакелді батыр қасына нөкерлерін ертіп, Жаманкөздің ауылына Төлендінің үйіне түседі. Аттанар алдында: «Осы үйде бір бала бар еді, ол кайда?» дейді Қожакелді батыр. Төленді төмен қарап күмілжиді. Сонда Төлендінің әйелі; «Ағалар, бұл бауырларыңыз жүзі күйіп, сіздерден қорқып үндей алмай тұр» дейді де, болған жайдың бәрін, баян етіпті.

Төлендіқара ұрлық жылқыдан үлесіне тиген бір ту биені қара күзде жығып алады. Жылқы етінің иісін түстік жерден сезетіндер болады ол күнде. Елге білдірмей, ұрлық жылқыны иісін сездірмей жеу керек. Жер тошалаға жасырып отырған биенің бір кесек майын Шыңқожа істікке шаншып, отқа ұстап, пісіріп жемек болады. Шыжыған майдың иісі мұрнына келген Төленді үйден атып шығып: «жетім ит» – деп Шыңқожаның қолындағы май шанышқан істікті жұлып ап, баланың бетіне басады. Ыстық майға өңін де бұзбаған, көзін де жұмбаған бала сол түні жоғалып кетеді. 

Дереккөз – http://mylektsii.ru/5-13688.html

 

 

Шыңқожа бала сол кеткеннен мол кетіп Ташкент асып кетеді. Өстіп алты жыл өтеді, Шыңқожа өнерлі, өрімдей жігіт болған кезінде өзбек ханының әскер жасағында сарбаз болады, ірілі ұсақты соғыстарда ерлігімен және соғысты басқару, әскерлерді соғыста ұйымдастыра білу қабілетімен ерекше көзге түсіп, біртіндеп он басы, жүз басы, мың басы содан өзбек хандығының жасағының түмен басы қызметіне тағайындалып, батырлық, қолбасшылық атағы алыс-жақын көрші елдерге жайылады.

Шыңқожаның хабарын біле алмай жүргенде, оның батырлық атағы мен даңқ-дақпырты Қазақстанның қиыр шетінде, елдің шетінде, жаудың өтіндегі Тарбағатай өңіріне де жетеді. Қарт Қожакелді батыр бауыры Шыңқожаны іздеп Ташкент қайдасың деп тартып береді.

Өзбек ханына келіп: «Бауырымды қайтарып бер, өзіммен бірге ала кетемін», – дейді. Хан бермейін десе, нақ бауыры екенін біліп тұр, берейін десе бұндай батырды, әскербасын қайдан табады. Хан беруге қимай: «Мың сарбазды бірдей киіндіріп, екі сапқа бөліп қарама-қарсы тізіп қоямын, солардың ішінен бауырыңды дөп танып алсаң ғана қайтарамын, танымасаң саған жоқ, келген ізіңмен кері қайтасың» деген шарт қояды. Қожакелді батыр бұл шартты қабыл алады. Сонан кейін Қожакелді батыр самсап тұрған қалың сарбаздың ортасынан атымен құйындата шауып, екі жағына кезек-кезек теңселіп: «Бауырым Шыңқожа! Шыңқожа!» – деп ұран тастайды. Сол мезетте ұранды естіп қаны қызып, туған жерін аңсап, сағыныштан сарғайып жүрген Шыңқожа батыр да: «ағекем, ағакем, бармын, бармын!» – деп Қожакелді батырға қарсы шабады. Екі ағайынды батырлар өстіп табысқан соң, өзбек ханының амалы құрып Шыңқожа батырды ағасы Қожакелді батырға қосып береді.

 

 

Содан бері бүкіл Тума баласының соғыстағы ұраны «Шыңқожа» болып қалды, әлі де осы ұран. Қырық жыл созылған қанды шайқаста Шыңқожа батыр Туманың қолын бастап қазақ жасағының бас қолбасшысы Қабанбай батырдың қосынында болды.

Қатты бір шайқаста аз адаммен қоршауда қалған Шыңқожа батыр қаза табады. Әбден өшіккен жаулары Шыңқожа батырдың денесін кескілеп-туралап кетеді. Қабанбай батыр сүйегін іздеп табуға бұйырық береді. Батырдың сүйегін таба алмағаннан кейін, күректей бас бармақтың Шыңқожа батырдыкі екенін танып, серіктері осы бас бармақты Аякөз ауданы, қазіргі Шыңқожада ауылындағы биік төбенің басына арулап жерлеген.

 

Шыңқожа батыр
Tagged on: