Айтымбетов Тажибай 1914 жылы 1 мамыр күні Шымкент қаласында Сайрам ауданында дүниеге келген. Ол өзінің еңбегінің арқасында 1939 жылдың желтоқсан айынан 1940 жылдың мамыр айына дейін Сайрам ауданы комсамол комитеті агитациясында аға қызметші жұмысын атқарған. 1942 жылдың сәүір айына дейін Сайрам ауданы Партия комитетінің аға инсрукторы болып жұмыс істеді. 1942 жылдың мамыр айынан 1951 жылға дейін \”Қызыл су\”, \”Пушкин\” және \”Сталин\” атындағы колхоздардың председателі қызметін атқарған. 1958 жылы пенсияға шығып, Сайрам ауданындағы СПТУ N68 училишесі директорының орынбасары болып жұмыс атқарған. Айтымбетов Т. Ұлы-Отан соғысының ардагері.1942 жылдың тамыз айынан 1945 жылдың мамыр айына дейін Ұлы-Ота соғысына қатысқан. Ол соғыста көрсеткен ерлігі үшін Үкіметтің бірнеше орендерімен және медальдарымен марапатталған. Айтымбетов Т. Өте еңбек сүйген, Отанына адал қызмет еткен өнегелі азамат. 1933 жылы ашаршылықтан зардап шеккен қиын кезеңде Сайрам аулында тұратын \” бақа қаңлылардың \” басын қосып, ыдырап кетуіне жол бермеген.
Тажибай