Наурызбай батыр

Ірі тұлғалы, алып денелі болуына байланысты саудагердің қорғаушысы міндетін атқарады. Кезекті бір  саудадан келе жатып, Қашғардан өтіп, Іле өзенінің жағасына қоналқаға тоқтайды. Шекпендерін төсеніп, ерлерін жастанып, ұйқыға кетеді. Түн ортасында Наурызбай денесі сығылып, ауа жетпей ояна келсе әу айдаһар жылан қатар жатқан үш адамды орап буындырып, жыланның басы Наурызбайға жақындай бергенде мойнынан ұстай алып, буындырып өлтіреді. Бұл кезде үш адамның біреуі өлген. Жанындағылар оянғаннан кейін болған уақиғаны көріп, Наурызбайдың жыланды ұстаған қолы қарысып қалған. Адамдар қолын уқалап зорға дегенде жазып босатады.

Наурызбаймен көршілес елдің Қоңырбай деген батыры бақталас болып, Наурызбайдың кедейлігін кемсініп, батырлығын көре алмай, жекпе-жекке шығады. Қоңырбайдың жасының үлкендігіне қарай кезекті береді де, екеуі оқ жететін жерге тұрысады да, бір-біріне тіл қатады, Қоңырбай Наурызбайдан:

          – Маңдайды, өкпенің, кіндіктің қайсысынан атайын дейді. Наурызбай қалауың білісн деп тұра береді. Қоңырбай ат үстіндегі Наурызбайдың кіндігіне атады, оғы ерінің басын жұлып кетеді. Өз кезегінде Наурызбай Қоңырбайдың айтқанын қайталап айтады. Ол да қалауың білсін деп жауап береді. Наурызбай да кіндіктен атады, Қоңырбай аттан құлап түседі. Қазіргі Арыстанды-Қарабаста екі батырдың атысқан жерін «Кіндікті» деп атайды. Қарақойлының Көшімбетінен тараған ұрпақтар Наурызбайдың атымен аталады.

Tagged on: