ИТЕЛІ РУЫНЫҢ ТАРИХЫНАН 
Ителі руының арғы атасы Мағаналы.
Ұраны Бухарбай.
Ителі Керейдің ең үлкені болғандықтан Ел ағасы деп басқа рулар сыйлаған.
Ителі атауы қалай пайда болғанына (тек танымдық көзқараспен» көз жүгіртсек әртүрлі болжамдар бар.
Ителі іргелі ру. Бұл он екі абақ керейдін үлкеніне саналатының шежірелер айқын дәлелдеп келді. Көнекөз қариялардың айтуынша Керей ішіндегі Мағаналы деген байдың екі баласы болған. Оның тұнғышының есімі Қойлау екен. Үлкені болғандықтан қазақ дәстүрінде оны “ноқта ағасы” деп құрметтейді. Ал Қойлаудың баласы Ахметәлінің ителі атануын әркімдер әртүрлі айта береді.
Соның бірі Көкбұлақ деген батыр байы, байлық мастығын көрсетіп бұлаққа қымыз төккендіктен ителі атаныпты дейді. Шын мәнінде бұл балдызбен жезде, құрбы – құрдастардың аузынан шыққан әзілі деп те айтады. Ал “ителгі” сұңқар құсын алғаш қолға үйретіп, сондықтан ителі аталған. Бұл есім Қазақ қазақ болып қалыптасқаннан бұрынғы дәуірдегі атау өйткені өзбек, қырғыз, башқұрт, татар, тіленгіт, моңғолдың ертедегі ру атауларының ішіндеде кездеседі деген пікірде бар. Ал тағы басқа бір уәжге жүгінсек Ахметәлінін бірнеше баласы болған. Солардың біреуі Көкбұлақ екен. Ителі руы сол Көкбұлақтан тарайды. Көкбұлақтың сәби кезінде анасы екі баланы телі қозыдай көріп емізіп өсірген екен. Әр емізгенде сүт келмеген соң анасы екі теліге еміреніп, “иі-иі-теліге иі” деп көзіне жас алады. Бұны көрген ауыл адамдары балалардың қамын ойлап осылай “иі-теліге иі” деп жалбарынып тілек тілеген екен. Осылай Ахметәлінің баласы Көкбұлақ өсіп ер жетеді. Аса ақылды болады. Ел бастай бастаған кезі екен. Содаң ел «баяғыдағы шешесінің омырау сүтіне тоймайтын телілер қайда?.. Сондағы өзіміздің иі-иі теліге деп тілеген ұлымыз осы Көкбұлақ емеспе» – дегенді естігендердің көңілі көншіп «бұл баяғыдағы иі-телінің ауылы екен ғой» – деп содаң ителі атанған екен деген де аңыз бар. Міне сол уақыттан бері ителі іргелі руға айналды. Бұл рудан талай-талай қазірет молла, батыр, ақын, ел бастаған тәжі, зәңгілер, зиялылар, ғалымдар, жауынгер, сазгерлер, қажылар, қоғам қайраткерлері сияқты ел мүддесі жолында өнегелі өмірімен еселі еңбегін, талантын арнаған елеулі ұрпақ туып өсті. Осы рудың ұрпағы халқымыздың береке бірлігінің туы болып өнегелі өмір сүріп, тарихқа нағыз адамгершілік қол таңбасын қалдырған.
Мағаналыдан: Қойлау. Қойлаудан: Сарыбас, Ителі, Ақтанберді.
Ителіден: Күйік, Ақбақты, Тыныбек. Күйіктің бес баласы: Елтоқ, Тоқтағұл, Дәулет, Бесшал, Қалматай. Үш ителі бес күйік деп айтатын себебі осы. Бұлардан Елтоқ, Дәулет, Бесшал ұрпақтары Алтай сұмынында өмір сүреді.
Монғолиядағы ителі жұртының көпшілігі осы Сағсай басы Алтай сұмынында мекендейді, сұмын халқының 40 пайызына жуығын иеленеді, сол себептен “ителі сұмыны” деп те атайды. Алтай сұмынынан басқа Булган, Ногооннуур, Улаанхус, Дэлүүн сұмынындарында аздаған ауылдар бар.

Керей Ителі руы шежіресі
Tagged on: