Жұмабек Сейітбатталұлы.
Бейсекей балуанның немересі. Руы Бертіс.1886 жылы туған. Туған жері Қарқаралы уездік қаласы болуы керек. Анығы, әзірше белгісіз. 1971 жылы Стеклянка ауылында (Жаңа Семей ауданы, Семей обылысы) мамырдың 13 жұлдызында өмірден өтті.
Ұш рет тұрмыс құрған адам. Бірінші жанұясынан адам қалған жоқ. Түгелі қайтыс болып кетті. Себебі ашаршылық па, әлде оны тиф ауруы деп атаған ба, белгісіз. Екінші жұбайы Бегімғайша (1956-57 жылдары қайтыс болған), перзент таба алмайтын болды. Ағайын-туыс риза болмаған сойын, өзінен көп жас кіші, күйеуі 1941-1945 жылдағы соғыста қаза тапақан, кезінде Истайдың Шайқысының келіні болған Ақлимаға (1922-2005 өмір сұрген жылдары) үйленеді. Одан бірінің артынан бірі туған Ұмітжан, Бану атты екі қыз бала кезінде қайтыс болып кетті. Олардың артынан туған ұлдары Бағдат, Ермек, қызы Ғалия, кенже ұлы Нұрбекті асырап жеттіреді. Кіші, Гүлайым атты қызы екі жастан асқанда қызылшадан қайтыс болады.
Тұрған жерлері Қарқаралы, Егіндібұлақ болуы керек. Бұл туралы нақты мәлімет жоқ. Нақты мәлімет Мыржық, Семей, Қарағайлы (Ертіс өзенінің жағасындағы), Жаңа Өрнек, Стеклянка туралы бар. Жерленген жері Жаңа Өрнек ауылының бейіті. Жұбайы Ақлима сол жерде жерленген.
Қырда тұрған кезінде ауыл шаруашылығымен айналысқан. Ашаршылық кезінде Семей параходствосында грузчик болып жұмыс істеген. Кейін жылқышы болып жұмыс атқарды. Пенсияға шығарда бір-екі жаз сиыр бақты.
Балалары, қызы бірнеше жоғары және академиялық білімдері бар. Ұлкен ұлы Бағдат, Қазақстанның Консулдық қызметінің ірге тасын қалаған, екінші ұлы Ермек Қазақстан Әуе қорғаныс кұшінің Бас штабы бастығы болып елінің аспанан қауыпсыздық ету қызметінің ірге тасын қалаған, қызы Ғалия мекетеп директорының орынбасары болып, кейін бизнеспен айналысып көп табыстарға жеткен, кіші ұлы Нұрбек көркем-графикалық факультетін бітіріп белгілі суретші, табысы мол бизнесмен болды. Балалары артында жас қалғанан немерелерін көре алмай кетті. Ауылына, аймаққа сыйлы, заманның әрбір құбылыстарын көрген, көпті білетін, елінің тірегі, ақылшысы, беделі жоғары адам болды. Назар аударыныңыз, Сейітбаттал туралы мақала енгізудесіз