Кіндік қаны 4-мамыр 1985 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында тамған, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының тұрғыны.
2002 жылы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепті тамамдаған.
2008 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында \”Ақпарат алмасу жүйелерінің инжинері\” мамандығында оқуды аяқтаған.
2008 жылы мамандық бойынша KazTransCom АҚ-ның Ақтөбе филиалында электромеханик қызметінде қызмет етті
Алған мамандығынан басқа әр-түрлі салаларда қызмет етіп көрген, атап шықсақ, Эконика-ТЕХНО дүкенінде өнеркәсіптік құрылғылар сатушысы, Ақтөбе қаласының әкімшілік сотында шаттан тыс сот көмекшісі, Green House Aktobe жүк тасушы экспедиторы, кейін осы мекеменің сауда өкілі, Әділет департаментінің күзетшісі.
2012 жылы ақпанның 22-сы Табын елінен Ыбрайым қызы Гүлбануға үйленіп дін төңірегінде қызмет етіп, діни білім ізденудемін
Ақтөбе облыстық орталық \”Нұр Ғасыр\” мешітіне әуелі көлік жүргізуші қызметін атқарып, кейін сайт администраторы қызметін атқардым 2014-жылға дейін
2014 жылдың 3-қазанда Нұрсұлтан балам дүниеге келді, есімін атасы Назарбай қойды
2014-15 жыл аралығанды \”Аңсар\” ақпараттық-талдау орталығында талдау бөлімінің маманы қызметін атқардым
2015-16 Ақтөбе қалалық орталық мешітінде хатшы қызметін атқырдым
2016-2020 жылдары аралығында \”Аңсар\” ақпараттық-талдау орталығында талдау бөлімінде және \”Ансар\” кенес беру-оңалту орталығында қызмет еттім
2020 жылдан коронавирус белең алған уақыттан такси жүргізуші қызметін атқарып напақамды тауып жүрмін
Діни білім ізденуімді әлі де жалғастырудамын және шежіремді сызбасын дайындап жинақтап 7 атамнан тараған туыстарыммен танысудамын