Әкем Андреевка ауылында алма бағын күнделікті алма теруге үш шалмен барады екен.Ертеңіне
алманы теріп, жинап кетеді екен. Әкеміздің жинаған алмалары шашылып қалған екен. Сөйтіп, жинаған алмаларын күзетке кезектесіп қалады екен.
Шаршап, ұйықтап қалыпты. Оянса, алдында аю үлкен таспен, өзіне қарай төніп тұр. Не істерін білмей,амалдаған атамыз тасты екінші жағынан құшақтап,аюмен алысып кетсе керек. Бұныкүтпеген аюабдырап қалады. Аз уақыт ішінде жақын маңдағышалдың бірі келіп, «Тасты босатпа, деп айқай салады. Өзі аюдың ту сыртынан кеп, аюдың шабынапышақ салады. Аю әлсіреп, теңселген сәтте Кәрі атам бар күшімен тасты аюға қарай бар күшімен итереді. Алла қуат беріп, аю тастың астында қалады. Тасты бар күшімен итерген әкемнің қолы қарсып, аюдың мойнында қалады.
1978 жылы Кәрі атамыз біздің ауылға Андревка, казіргі Қабанбай ауылына келген еді. Мектепте гир, штанга көтеріп жүргенмін. Әкеміз менің спортпен айналысып жүргеніме ырзалығын білдіріш, әрқашанда аман болып, үлкен дәрежеге жетіп,
«Батыр бол», – деп батасын беріп еді. Армияға барғанша екінші разряд ауыр атлетикамен айналысып,жүлделерге ие болдым. 1981-1983 жылдары Ауған республикасы Кабул қаласында азаматтық борышымды өтеп жүргенде әкем Әпейіз молда азан шақыратын есіме түсіп, соғыс басталар алдында әруақтарға сыйынып Кәрі атамның күшін берсін деп,
тіледім. Қасымдағы орыстар түсінбейтін.Атамның
аруағы қолдап аман қалдым. Әкелерімнің абыройын түсірмеймін деп күш алып, ерлік жасап, аман қалуым керек деп, күшейетінмін. Ерлікпен абыроймен азаматтық борышымды өтеп келдім. «За отвагу»ОССР медлімен, «За отвагу и мужества», «За боевые
заслуги» деген наградаларға ие болдым. «Б.Момышұлы», «Батыр шапағаты»,«Қайырымдылық Үшін медальдармен марапатталдым.Реслублика призеры, спорт шеберінің кандидаты болдым. Бұл марапаттарым Кәрім атамның батасы мен шапағатының әсері деп ойлаймын.
Ауған соғысының ардагері
Бугыбек Әпейізулы
1963 жылы 25.04.