Шежіреге қосуға сұраныс жасау
Сұранысты шежіреге енгізу парақшасынан таба аласыздар. Алдымен өзіңіздің шежіреңіз қай жерден қосылатынын анықтау қажет. Ол үшін жасыл дөңгелекшелерді басып, таңдау жасайсыз. Мысалға, Жетіруға кіретін Жағалбайлы руын шежіреге қосайық. Ол үшін Жетіруді таңдаймыз:
Таңдау жасағаннан кейін, төменгі оң жақтағы терезені пайдаланып сұраныс жібереміз: Енгізу -> Сұраныс жіберу
Сұраныс жібергеннен кейін модератор сіздің сұранысыңызды қараудан өткізеді, жауабын Сұраныстар парақшасынан көре аласыздар.
Шежіреге еңгізудің ережелері
- Шежіреге енгізулерді компьютермен жасау қажет. Мобилді телефон немесе планшеттен енгізу кезінде қате кетуі мүмкін.
- Егер сұранысқа рұқсат берілсе, онда оның ұрпақтарына қайта сұраныс жасаудың қажеті жоқ.
- Тек қана сізге рұқсат берілген сұранысқа және оның ұрпақтарын қосуға, өзгертуге, өшіруге болады.
- Шежіредегі барлық есімдер бас әріппен басталуы қажет.
- Егер шежіреге енгізуде сенімді болмасаңыз, шежіреге енгізбеген жөн.
- Сіздің енгізген мәліметтеріңізді ешкім өзгерте алмайды. Сондықтан енгізуде адам есімінен және ұрпақтарынан қате кетпегені жөн.
- Сіздің енгізген мәліметтеріңіз “дұрыс емес” дауысын көп жинаса, енгізген мәліметтеріңіздің бәрі өшіріледі.
Шежіреге қосу, өзгерту, өшіру жасау
Шежіреге қосу
|
|
Өзгеріс жасау
|
|
Шежіреден алып тастау
Егер ұрпақтары жүйеде бар болса, онда ол шежіреден алынып тасталынбайды. |