Шежіреге қыздан туған жиенді енгізбесек те, қанша баласы болғанынан мәлімет беретіндей балаларын (ұл-қыз) түгел енгізген жөн. Қыздардың өз төркінін түгендегені несі айып. Жалпы ауыз екі шежірелерде аты аңызға айналған, шежіреге арқау болған қыздар көптеп кездеседі. Домалақ ана, Қыз ене, Қызай, Мақта апай, Мұрын т.б. Тамырынан айырылған ағаштың жайқалып көгеруі, тегін білмегеннің жетісіп кетуі екі талай. Қыздар да туыс-туғандарын, төркінін білгені жөн. Бұл, қан тазалығы үшін қажет. Қазір екі-үш атасын да біле бермейтін ұрпақтар жетерлік. Білмесе іздеп, жөн сұрағандардың әрекетін құптау керек. Сайттың негізгі мақсаттарының бірі ақпарат, мәлімет алмасу болуы тиіс. Ақпарат неғұрлым толық болса, көпшілікке пайдасы арта түседі.
Сайттың кемшін тұстарын толықтырып, функционалдығын арттырып, жаңартып отырмаса, бастапқы ізгі ниет, алғы мақсат орындалмай қалуы әбден мүмкін. Кез-келген сайт, берілген мәлеметтерінің толықтығымен, дәлдігімен, анық, дұрыстығымен құнды. Өз білетіндерін жазуға кедергі келтірмей, артық кеткен жерлерін түсіндіріп, қыздарын қосып қойыпты деп өшіріп әлек болғанша, (жазса, ұмытылмасын, бір-бірін біліп жүрсін дегені болар) себебін анықтап, сайттың негізгі шартын, мақсатын, ниетін көрнекті тұсқа (Ескерту: Қыздан туған жиендерді, ерекше себепсіз енгізбеген жөн) жазып қойған дұрыс.
Менің ойымша шежіре – жеті атамызды, кімнің ұрпағы екенімізді ұмытпау үшін , есімдерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін керек үшін керек. Сондықтан жиендерді қосудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Егер қыз баланы қосатын болсақ есімін ғана жазып ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ себебі оның балалары басқа ру адамдары болады.
Мәселе, сонда болып тұрғой. Сайтымыз интерактивті, Пайдаланушы алғашқы рет баласына рұқсат алғансоң немере-шөберелерін автоматты түрде еңгізу мүмкіншілігін алады. Білместіктен бе немесе пендешілік жасап ба ары қарай еңгізіп жатқан жағадай тенденцияға айналып кетті, Осы ақпараттың жолын алу үшін қыз баланың есімін еңгізбеген дұрыс
Шежіреге қыз балалар енгізілмеген дұрыс. Шатастыру басталады.
Дурыс айтасыз, қызды да, қыздан туылған жиендіде щежірге косып керек жок, шатас басталады. Әке – шешесі білсе, балаларына уйретеді емес пе
Қыз баланы егізіп керегі жоқ, ол баяғыдан мәлім!
Таяуда бір ағамыз 92дегі аксакалға бардым ол кісі осы шежіре туралы былаи деиды:Неге біз сол есқі сокпакпен жүре береміз ,шукр кәзір қағаз бар,интернет бар қыздарды жазу керек әрине баласын жазбаисың сонда жиендер аналарының атын тауып алады да нағашылары танитын болады деиды мен сол ағамен келістім.
Әркімнің жеке отбасылық шежіреде болғаны дұрыс. Ал еліміздің қолжетімді ортақ шежіресінде жазудың керекгі жоқ сияқты.Білместіктен және пендешілік жасап Пайдаланушыларымыз жаппай жиендерді еңгізіп, шежіреге қианат келтіріп, берекесін алып жатқан жағдай бар.
Иә, ондай олқылықты байқадым. енгізуге рұқсат алған соң қалаған есімді енгізе беруге болатын көрінеді. Қайсы бірін қадағалап үлгересің. іздеп тауып өшіру көп еңбекті қажетсінеді.
Меніңше бұл мәселені программист шеше алатын сияқты.
Есімді жазарда Ер-Әйел деп сұрайтындай жасаса. Содан соң жиенді енгізуге әрекеттенген кезеңде (қыздан тараған – жиен енгізілмейді) – дегендей ескертпе қайталананындай жасауға болар.
Менікі тек ұсыныс деп түсінерсіздер. Құрметпен: Нұрбек Тұрдыақынұлы