Ассалаумағаләйкүм. Найман руына қатысты қателерді түзегендеріңіз жөн болады. Қазақтың ең белді руы ғой. Белгібай атамыз, Төлегетай атамыздың аттары аталмағаны дұрыс емес.НАЙМАННАН – Белгібай. Белгібайдан – Терістаңбалы (кейде Елата), Саржомарт, Төлегетай атты үш үлкен рулар бірлестігі тарайды. Терістаңбалыдан – Мәмбет, Рысқұл.Саржомарттан – Балталы, Бағаналы, Көкжарлы, Бура, Қаратай.Төлегетайдан – Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл (кейбір деректерде Мұрын және кенже ұлы Аталық) тараған.Шежіре деректеріне қарағанда Қаракерейдің құрамына: Қожамбет, Мұрын, Ақымбет, Ерсары, Сыбан, Қыржы, Байжігіт, Жастабан, Шүрентай, Тума, Тоқпақ, Ақнайман, Семізнайман, Болатшы, Тайлақ, Жайнақ, Балқабет атты рулық топтар мен аталар кіреді.
Тумалас кз сайтында кәзіргі заманда Найман елінде қалыптасқан он ру – Қаракерей, Матай, Садыр, Төртуыл, Саржомарт, Көкжарлы, Бура, Балталы, Бағаналы, Терістаңбалы бар екеніне бәрімізге мәлім. Өзіміз үшін, ұрпақтарға – осы бабаларымыздан кімнен кім тарайтынын, кім қайдан шыққанын жеткізсек, және ары қарай жалғастырсақ, осы сайттың жұмысы, мақсаты бір шама іске асып жатыр деп білеміз. Пайдаланушылар дұрыс түсініп қабылдайды деген ниеттеміз, Рахмет.
Ассалаумалей! Менің есімім Жеңіс. Орта жүз – Найман – Каракерей – Болатшы – деп кана білемін. Акем өзінің Аке жақ апкесінен сұрағанда Шотықпыз деп айткан екен. Қазіргі кезде үлкен кісілерден ешкім қалмады. Мына сайтта Шотық деген атамызға дейін таптым. Ары Қарай білетін Адамдар бар болса жазып жіберсеңіздер. Өтініш? Қазыр жасым 32 де. 1 ұлым бар. Ұлымнан бастасам – Алпамыс – Жеңіс- Мұратқан-Тұрсынқан-Қалаубай-Қозыбай – Ары қарай білмеймін.
Белгібай, Төлегетай, Сүгірші, Сұраныш аталары бар буындар жоқ сияқты. Найман мен Қаракерей арасын талқылап, толтырған абзал сияқты.