ФорумРубрика: Орта жүзНайман руына қатысты
0 +1 -1
Асель ЕсимхановаАсель Есимханова Админ. спросил 4 years назад

Қайырлы күн! Менде келесі сұрақтар және қателерді өзгерту туралы сұраныстар бар:

  1. Осы форумда Санат Мұрзахан еңгізген бір мәлімет бойынша (“Бии и батыры Найманов” деген пост) Найманнан кейін Өкіреш – Белгібай –  Сүйінші – Төлегетай баба – Қытай би болу керек, содан кейін ғана ұрпақтары Қаракерей, Матай т.б. Солар неге еңгізілмеген?
  2. Шежіреде “Найман – Матай – Кенже” ішіндегі Ақтайдың ұрпақтары қате жазылған сияқты, өйткені Әлменбет пен Айтақ (Итақ) Сартайдың ұрпақтары. Сартайдан тарағандар – Әлмембет емес Әлменбет болу керек. Осыларды өзгертсеңіз.

Сонымен қатар менде біздің шежіренің сүреті бар, кейбір жерлері сіздердің сайтыңыздағы шежіреге сәйкес келмейді. Сол сүретті қайда жіберсем болады? Сәйкестіріп, тексерсеңіз?

Найман руына қатысты
Асель ЕсимхановаАсель Есимханова Админ. ответил 4 years назад

Тағы бір қатені өзгеруге сұранысым бар. “Найман – Матай – Кенже – Сартай – Итақ – Арық – Ырысбай” ішіндегі Жауылбай емес Жаулыбай болу керек.

Erbol SergaliErbol Sergali Админ. ответил 4 years назад

Ассалаумағаләйкүм. Найман руына қатысты қателерді түзегендеріңіз жөн болады. Қазақтың ең белді руы ғой. Белгібай атамыз, Төлегетай атамыздың аттары аталмағаны дұрыс емес.
НАЙМАННАН – Белгібай. Белгібайдан – Терістаңбалы (кейде Елата), Саржомарт, Төлегетай атты үш үлкен рулар бірлестігі тарайды.

Терістаңбалыдан – Мәмбет, Рысқұл.
Саржомарттан – Балталы, Бағаналы, Көкжарлы, Бура, Қаратай.
Төлегетайдан – Қаракерей, Садыр, Матай, Төртуыл (кейбір деректерде Мұрын және кенже ұлы Аталық) тараған.
Шежіре деректеріне қарағанда Қаракерейдің құрамына: Қожамбет, Мұрын, Ақымбет, Ерсары, Сыбан, Қыржы, Байжігіт, Жастабан, Шүрентай, Тума, Тоқпақ, Ақнайман, Семізнайман, Болатшы, Тайлақ, Жайнақ, Балқабет атты рулық топтар мен аталар кіреді.

1 ответ
0 +1 -1
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 4 years назад

Сәлеметсіз бе! Маған жіберіңіз  –  +7 777 221 7588 Ватсап

Ответить на Найман руына қатысты
Асель ЕсимхановаАсель Есимханова Админ. ответил 4 years назад

Сәлеметсіз бе! Жақсы, рахмет, жіберемін соңыра. Ал қателерді түзедіңіз бе?