Мен шежіре жайында хабарласып отырмын. (https://tumalas.kz/)
Мен Қыстаубаев Омарбек Төлеубек ұлы, Семей өнірі, Жарма ауданың тумасымын, туған жылым 1962.
Қазір Астана қаласында тұрамын.
Мен руым Матай
Оның ішінде Арық Матай, одан Божы, одан Ботабай деп таратып еді қазір дүниеде жоқ үлкен кісілер.
Сосын Өтен (кей жерде Өтей), Өтеннен Есенкелді, Есенкелдіден Байжұма, одан Мұхамедқали, Мұхамедрахым, сосын менің әкелерім кетеді,
Мен сіздің шежіреден Ботабайды таптым (номері 205535) енді Ботабай мен Өтеннің арасындағы аталарымды біле алмай отырмын.
(Матай – Кенже – Ақтай – Айтақ – Арық –Ботабай …. Өтен – Есенкелді ары қарай білемін)
Сосын Божы деген атамыз көрінбейді, ол Ботабайдын үстінде болу керек болатын менің мөлшерімше.
Менің сұрар үлкен өтінішім, Ботабай атамыздан тарған ұрпақ туралы шежірені білсеніз айтсаңыз, болмаса білетін ақсақалдардың телефоны болса берсеніз.
Қыстаубаев Омарбек Төлеубекұлы
30 сәуір 2021 жыл
Тел: 8 705 520 66 52
E-mail; omarbek62@mail.ru
Матай -Кенже – Ақтай – Айтақ – Арық – Ботабай болып келетін Ботабай атамыздан таратуға көмектеріңіз қажет
Мына тармақтан тапқандаймын Матай – Кенже – Сұртай – Мамбет – Бозтай – Арық – Божы еней – Ботабай
Осы тура біздің тармақ, осыдан ары қарай білетіндер болса
Рахмет барлықтарына!
Жарма ауданынан Арық Матай шежіресін кітап қылып жазып жатқан Каримов Мадениет Қаппаровичттің деректері бойынша..
Сұрақ шешуін тапты.
Ботабай
Өтен Өскенбай
Есенкелді Байтөре