ФорумРубрика: Кіші жүзКіші жү,Таз,Шарға
0 +1 -1
Қален СУЛТАНГАЗИНҚален СУЛТАНГАЗИН Админ. спросил 12 hours назад

Армысыздар, ағайын!

Мен өзімнің шежірем бойынша Байұлы ішіндегі Таз – Шарға руынан екенімді бала кезден естіп келемін. Бірақ tumalas.kz сайтында бізді Көшкінші – Шүрен – Шекті ішіне тіркеп қойған екен.

Біздің аталарымыздың тізбегі:

Тәжікбай

Сұлтанғазы

Қарасай (жетім өскен, Талдысай ауылы, Темір ауданы)

Атамыз Қарасай мен әкем Есболат “біз Байұлы – Таз – Шарғаданбыз” деп айтып отыратын.

🔎 Менің түсінуім бойынша:
Тәжікбай – Жанторы есімді адамның асыранды баласы болған.
Жанторының қарындасының баласы, яғни нағашысы жағынан алынған болуы мүмкін.
Қарындасы Таз – Шарға руының келіні болуы ықтимал.

Бұл жағдай 1860–1870 жылдары Атырау жақта болған Таздар мен Адайлардың көтерілісінен кейін болған сияқты. Сол кезде біраз балаларды аман сақтау үшін басқа ауылдарға берген дегенді естиміз.

Қазіргі таңда нақты шежірелік дерек таппай отырмын.
Осы Тәжікбай немесе Сұлтанғазы аталар туралы дерегі бар ағайын болса, не осы оқиғаға ұқсас жағдай болғанын білетіндер болса, ақпаратпен бөлісіңіздерші.

Алдын ала рақмет!
Құрметпен,
Қален – Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы

Кіші жү,Таз,Шарға