ФорумРубрика: Кіші жүзКіші жүз әлім баласы
0 +1 -1
гүлсана медеубайтегігуна медеубайтегі Админ. спросил 6 years назад

Саламатсыз ба! Админ, сізге көп рахмет. Мына сайтқа енді тіркеліп отырмын. Үлкен жұмыс жасапсыздар. Халықтың атынан мол алғыс.
“Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер,
Жеті атасын білмеген құйрығы мен жалын жер”,-деген аталы сөз қалған қазақтан. Келер ұрпақтың өз ата-тегін білуіне зор үлес қосқаныңызға ел риза.
Ал енді бұйымтайыма келсем. Әлімнен тараған Дәулетияр дегеннің тармағы бойынша айтарым бар еді. Біздің әулетте:
Дәулетияр
Естемес
Құлболды
Осы жерде айта кеткім келеді. Маш Құлболдының баласы, Үркімбайдың әкесі. Мына жерде Маш Үркімбаймен ағайынды болып кіріп кетіпті. Дұрысы Құлболдыдан -Маш – Үркімбай болуы тиіс.
Сонымен, Құлболдыдан – 
Маш
Үркімбай
Иманқұл
Медеубай /Медеубайдың басқа да аға не інісі болған көрінеді, бірақ басқасын білмедік/
деп таратамыз. Медеубайдың ұл-қызын қосқанда 11 баласы болған екен. Соның ішінде Қуатбайдан ғана ұрпақ қалған.
Қуатбай – 
Серік, Қанат, Талғат, Рүстем, Жаңабек
Одан бергіде 
Қанаттан – Данабек
Талғаттан – Әбдірахман
Жаңабектен – Дастан. 
 
Медеубайдың ағасынан қалған Махамбет атты ұл болған. Соғыс кезінде жетім-жесір боп отырған соң, Медеубай Махамбетті бауырына басып, жеңгесін жеке отау етіп отырғызады. Кейін Махамбеттің балалары Медеубаев болып, ата тегін алды. 
Сонымен, Махамбеттен – Серік, Берік, Амандық.
Беріктен – Жақсылық
Амандықтан – Сұлтан.
 
Админнен үлкен өтініш. Мүмкін болса ата-тегіміздің бұрыс кеткен жерін түзетіп, шежіренің жалғасын әрі қарай таратсаңыз.
Тағы бір өтініш. Құлболдыдан әрі таратуға ақпарат берген кісіні білуге болар ма екен. Бәлкім ағайын аталас болып қалармыз. Медеубаймен не Иманқұлмен бір туғандарды тауып алсақ деген үмітіміз жоқ емес.
Алла разы болсын!

Кіші жүз әлім баласы
Айсагали СадуакасовАйсагали Садуакасов Админ. ответил 6 years назад

Асслаумағалейкум ағайын, tumalas.kz сайтына байланысты сұрақтарыңыз болса, модераторларға хабарласыңыздар,
Немесе видео әдістер
https://youtu.be/Qq5eGcJ5onc.
Тек WhatsApp-қа немесе
Telegram-ға жазуыңызды сұраймыз.
Садуақасов Айсағали – 8707-120-00-01 admin@tumalas.kz
Тасболатов Айбар – 8778-559-56-59 aibar.esen@bk.ru
Өсербаев Талғат – 8701-989-44-16 usta71@mail.ru
Бейімбетұлы Қайрат – 8775-310-33-00 kairat_musin89_1@mail.ru
Бадыхан Шоқан – 8701-295-50-55 badykhan@outlook.com
Телжан Слямұлы – 8777-221-75-88 yustel@mail.ru
instagram – tumalas.kz