ФорумРубрика: Жалпы сұрақтарАта-баба жолын ұмытпайық, жөнімен жазайық, ағайын
0 +1 -1
Батырхан ӨзбековБатырхан Өзбеков Админ. спросил 5 years назад

Қазақ баласы туғалы, өз ата бабасын ұмытпағалы ЕШҚАШАН, ұрпақтары болмаса да қыз баланы шежіреге жазбаған. Қанша балаң бар десе: “2 балам, 3 қызым бар” деп жауап айтқан. Қазір, мына жазып жатқан шежіре ісі дұрыс, бірақ дұрыс жазған жөн болады. Үлкендер көрсе не дер еді?! Жандарыңызда ақсақалдарыңыз болса, сұрап біліңіздер, қыз баланы жазған жөн бе деп. Менің ұсынысым, шежірені алғашқы бұтақтарындай, ерді ер қылып жазайық. Қыз балалардың есімін алып тастайық. Онда бір әйел затының есімі жоқ. Ұлдары болмаса, бұтақ солай тоқтады. Қазір 21 ғасыр деп, жаңа мода ашпайық! Қазақтың қазақ екенін ұмытпайық ағайын!

Ата-баба жолын ұмытпайық, жөнімен жазайық, ағайын
Айсагали СадуакасовАйсагали Садуакасов Админ. ответил 5 years назад

Ассалаумағалейкүм, мында қыз бала жазылмайды, біздер, яғни модераторлар барымызша қыз бала есімін көрсек өшіріп жатырмыз. Рахмет.

Айсағали Мал ответил 3 years назад

Өтірік айтпаңыз адайлар қыз баланы қосып отыр ғой неге өтірік айтасыз id 536922 не мынау қыз емес пе Әсел деген?

3 ответ
0 +1 -1
Dulat Kuandyk ulyDulat Sakabaev Админ. ответил 4 years назад

Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі-ағайындар! Дұрыс айтасыздар, қазақ қыз баланы жат жұрттық-деп есептеген. Ешқашан қыз баланы шежіреге енгізбеген. Менде көрдім қателеспесем “Әсел”-деген қыз баланы ұрпағына қосып қойғанын. Бұл Қазақ ұлының әйел адамға бағынып, өзінің статусын төмендеткені ме?
Мына шежіре “tumalas” тамаша бастама, мен өз ата-бабаларымды енгізіп, өзімізден тараған ұрпақтарымызға жіберіп тараттым. Қазақ елі осы бастаманы қолдап, сіздерде өз балаларыңызға таратып түсіндіргендеріңіз жөн. “Жеті атасын білмеген, жетесіз” -деп Қазақ ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Қазіргі мына заманда, Қазақ елім көп салт-дәстүрін жоғалтып алып, мәңгүрт болуға аз қалдық (орыс халқының арқасында). Бұрынғыдай ағайындар бір-біріне қонаққа себепсіз барудан қалды. Үлкендер жиі араласпағандықтан, балалар бірін-бірі жақын танымауы мүмкін, ол ертең бізден кейінгі ұрпақтарымыз, ағайыннан қыз алысып-берісуге алып келу мүмкін. Баларымызды қазақ тілінде сөйлеуін талап етейік, болды ғой 70 жыл орыс болып көрдік, тапқан еш пайдамыз жоқ, керісінше көп зат жоғалтып алдық. Ойланайық Қазақ елі!

Ответить на Ата-баба жолын ұмытпайық, жөнімен жазайық, ағайын
0 +1 -1
Мақат ДосжанMakhat Doszhan Админ. ответил 4 years назад

Ассалаумағалейкум баршаға. Алдынды айтылғанға әбден қосылам. Қыз есімдерін көп кездестірдім осы шежіреде. Бірақта ұлдары жоқтардың артынан қыз бала есімін жазғанға тііпті қарсы емеспін. Бірақ одан әрі жазған мүлдем дұрыс емес. Осы шежіренің кей бір жерлерінде қыздан кейін біраз есімдер жазылғанын көрдім. Осындай сұрақтарды модераторлардың жақсылап көз салып қарауларыңызды өтінем. Бұндай шежіре-сайттың бары біздің тарыхымыз үшін, біздің ел үшін Өте керемет зат. 

Ответить на Ата-баба жолын ұмытпайық, жөнімен жазайық, ағайын
0 +1 -1
Телжан СлямұлыТелжан Слямұлы Админ. ответил 4 years назад

Армысыздар! Модераторлар бәрін қарап-тексеріп үлгермейтін жағдай болады. Кездестірсеңіздер  нөмірін модераторларға жазып жіберсеңіз болады – өшіріп тастау үшін. Рахмет

Ответить на Ата-баба жолын ұмытпайық, жөнімен жазайық, ағайын